Мысалы, бұл бағдарламаны сабақтарда қолдану барысында оқушыларға: 1) еркін ойлауға мүмкіндік береді; 2) ақыл-ойын дамытады; 3) шығармашылық белсенділігі артады; 4) тіл байлығы жетілдіріледі; 5) жан-жақты ізденеді; 6) өз ойын жеткізеді; 7) ұжымдық іс-əрекетке тəрбиелейді. Анық айтқанда, сабақта қолданатын стратегиялар көмегімен жеке тұлға ретінде, жан-жақты дамыған шығармашылық ойлау ретінде білімді меңгереді. Педагогикалық технологияларды талдау барысында алынып отырған технологияның сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы жəне тиімді, жүйелі болуы ескеріледі. Қорыта келе, технологияның білім беру үдерісіне енуі білім беру тұжырымында мақсатты қалыптастыруға; адамгершілік ақыл-ой, психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды талдауға, сонымен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін бағалауға; оқытудың перспективалық құралдарын олардың негізінде педагогикалық технологияларды құруға; бұл үдерістерді технологизация үдерістерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқаруға ықпал етеді.