Тақырып: Сап және оның элементтері. Саптық қалып Сабақтың мақсаты


Сапқа тұрғанға дейінгі және саптағы сарбаздың міндеттері



бет4/5
Дата15.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#178859
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сапқа тұрғанға дейінгі және саптағы сарбаздың міндеттері.
  • Әскери қызметші:
  • - өз қаруының, оған бекітіліп берілген қару - жарақтың, әскери және басқа да техниканың оқ - дәрілердің жеке қорғану құралдарының, шанецтік аспаптардың, киім кешек пен жабдықтың ақаусыздығын тексеруге;
  • - киім - кешекті ұқыпты реттеуге, жабдықты дұрыс киюге және келтіруге, жанында тұрған әскери қызметшілерrе байқалған кемшіліктерді жоюға көмектесуге;
  • - саптағы өз орнын білуге, оған жылдам, әбігерсіз тұруға; қозғалыста түзулікті, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға; қауіпсіздік талаптарын сақтауға; рұқсатсыз саптан (машинадан) шықпауға;
    • - сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге;
    • - өз командирінің командаларын мұқият тыңдауға, басқаларға бөгет жасамай, оларды жылдам және нақты орындауға;
    • командаларды бұрмаламай, дауыстап және анық жеткізуге міндетті.
    • Саптық тұрыс. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Реттел!», «Тоқтат!», «Баскиімдеріңді (баскиімді) ШЕШ!», «Баскиімдеріңді (баскиімді) ки!»
    • Саптық қалып «САПҚА ТҰР!» пәрмені
    • бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша
    • жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік
    • тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын
    • маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан
    • еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ
    • Тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп,
    • ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту
    • керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды
    • жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екі
    • жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру
    • керек;
    • басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс - қимылға даяр болу керек.
    • Орнында «ТІК ТҰР!» пәрмені бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.
    • Саптық қалып орнында пәрменсіз де қабылданады:
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай – ақ пәрмендерді берген кезде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын баскиіміне апарады.
    • «ЕРКІН ТҰР!» пәрмені бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
    • «РЕТТЕЛ» пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім - кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
    • «РЕТТЕЛ» пәрмені алдында «ЕРКІН ТҰР!» пәрмені беріледі.
    • Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТАТ!» пәрмені беріледі.
    • Осы пәрмен бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.
    • Баскиімді шешу үшін «

      Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет