2. РГД - 5 қол гранатасының ұрыстық сипаты туралы не білесіңдер?
3. РГН және РГО жарықшақты қол гранаталарының арналуы мен ұрыстық сипаты туралы не білесіңдер?
4. РГН және РГО жарықшақты граната құрылғысының ерекшеліктері неде?
5. ЖҚГҮТ (УЗРГМ) тұтандырғышының құрылысы қандай?
6. Ф - 1 қол гранатасы жөнінде не білесіңдер?
7. Гранаталарды қолданған кездегі қауіпсіздік шараларын атаңдар.
Саптық дайындық
б) Негізгі бөлім:
Саптық дайындық – әскери қызметшілерді әскери дағды мен әскери тәртіпке үйретудің маңызды пәндерінің бірі. Ол әскери қызметшіге саптық қалыпты, ұқыптылықты, тәртіптілікті, бөлімше құрамында жекеленген саптық тәсілдер мен үйлесімді қимылдарды дереу және дұрыс орындауды үйретеді.
Саптық дайындық: қарумен және қарусыз жекеленген саптық жаттығуларды машиналарға және жаяу реттегі қимылдар кезінде бөлімше (есеп тобы, экипаж), взвод, рота (батарея), батальон (дивизион) және полктердің жаттықтыруын; бөлімше мен бөлімдердің саптық байқауларын, сондай - ақ әскери қызметшілердің ұрыс алаңында жылжу тәсілдерін қамтиды.
Саптық дайындық сабақ кестесінде қарастырылған оқу уақытында өткізіледі. Ол тактикалық, атыс, денешынықтыру сабақтарында және басқа сабақтардың барлығында, сапқа тұруда, қозғалыс кезінде, күнделікті өмірде жетілдіріліп, іске асырылады.
Сап және оның элементтері
Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс - қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.