ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Мұғалімдердің сабақты талдаудың формалары жайлы білімдерін жетілдіріп, сабақты талдау үлгісі бойынша өзіндік талдау жасату, жеке және топтық жұмысқа ықпалдастыру
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Ұстаздар сабақты құру мен сабақ құрылымына талдау жасау жолдарын игеруді жетілдіреді, кәсіби әңгіме жүргізу жолдарын үйренеді
МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Пән мұғалімдері
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Қызығушылықтыояту,Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта ,таныстырылым, көшпелі материалдар, стикерлер, смайлик т.б.
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «сындарлы оқу»
Коучингтің рефлексивті есебі: Есбол орта мектебі базасында жоспарға сай коучинг- семинар өткіздім. Семинар-коучингтің көтерген өзекті мәселесі әр бірлестік көлемінде деңгейлік курстардан өтпеген ұстаздарға кәсіби қолдау көрсету болды.
Мастер – класс нәтижелі өтті. Мастер – класқа мектептің барлық мұғалімдері қатысты. Олар коучинг аясында өзара ықпалдастық құрып, жылы жүрекпен жұмысқа кірісті. Мастер – класс кезеңдері жоғарыда жоспарланған жоспар бойынша жүргізіліп, ұстаздар теориялық білімін тәжірибемен ұштастырды. Дәстүрлі сабақ пен сындарлы оқу жолдарының айырмашылықтарын өздері тауып, сындарлы оқудың тиімді жақтарын аша білді.
Мастер – класс соңында ұстаздар өздерінің тілектері мен ұсыныстарын айта отырып екі жақты кері байланыс орнады.
Мастер – класс барысында ұстаздарға білгенімді үйрете отырып, әріптестерімнен алған білімдерім менің де көбейді.