Тақырып «Статистика. Комбинаторика», «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



Дата07.02.2022
өлшемі344,93 Kb.
#86698
Байланысты:
бжб 05.05 математика


05.05.20


Тақырып «Статистика. Комбинаторика», «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа


Тапсырмалар:
1. 9, 14, 5, ___, 16, 11, 13 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:
а) арифметикалық ортасы 11-ге тең;
b) өзгеріс ауқымы 23-ке тең;
с) қатар модасы 5-ке тең. [5]
2. Сырымның сары және жасыл жейделері, көк және қара шалбарлары, сұр, қоңыр және ақ туфлилері бар. Сырым барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. [2]


3. Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:
a) Ауданы 72 м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;
b) Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;
c) 70 км арақашықтықтағы жылдамдықтық пен уақыт.
Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз. [4]
4. Суретте саяхатшының қозғалыс графигі көрсетілген. Графикті пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:
a) Саяхатшы жолға қанша уақыт жұмсады?
b) Саяхатшы қанша уақыт демалысқа жұмсады?
c) Саяхатшының ең үлкен жылдамдығы қандай болған?
d) 6 сағат пен 12 сағат аралығында саяхатшы қанша жол жүрген? [4]

ІІ нұсқа
Тапсырмалар:
1. 3, 7, 5, ___, 21, 18, 19 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:
а) арифметикалық ортасы 13-ке тең;
b) өзгеріс ауқымы 37-ге тең;
с) қатар модасы 21-ге тең. [5]
2. Алпамыстың ақ және көк түсті бейсболкалары, ақ, сары және көк футболкалары және қара және көк түсті джинсылары бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсыларын ауыстырып кисе, Алпамыс неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. [2]
3. Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:
a) Ауданы 42 м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;
b) Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;
c) 75 км арақашықтықтағы жылдамдықтық пен уақыт.
Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз. [4]
4. Суретте саяхатшының қозғалыс графигі көрсетілген. Графикті пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:
a) Саяхатшы жолға қанша уақыт жұмсады?
b) Саяхатшы қанша уақыт демалысқа жұмсады?
c) Саяхатшының ең үлкен жылдамдығы қандай болған?
d) 3 сағат пен 10 сағат аралығында саяхатшы қанша жол жүрген? [4]




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет