Орындаудың әртүрлі нәтижесіне бағытталған тапсырмаларды қолдану
Балалар бір тапсырманы орындайды, бірақ мұғалім олардың алдыңғы тәжірибелерін есепке ала әрбір баладан әртүрлі нәтиже күтеді
Мысалы, барлық оқушыларға жарнамалық постер құру ұсынылады, бірақ аталған тапсырманың орындалу нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін:
барлығы – түйінді сөздерді қолданып жарнамалық постер құрады,
көпшілігі және кейбіреуі өз идеялары мен қосымша ресурстарды қолданып ұсынады
4
Сараланған үй жұмысы
Балалар әртүрлі үй жұмысын алады, бірақ кейбір оқушылаға сыныпта басталған жұмыстарды аяқтауға үйде қосымша уақыт кетуі мүмкін
Оқушыларға түсетін жүктемені азайту үшін әрбір оқушының мүмкіндігі мен сұранысына орай үй жұмысын саралай қолдану ұсынылады