Тақырып: Топырақ гигиенасы. Жоспар


Елді мекенді тазартудың гигиеналық маңызы



бет4/9
Дата28.01.2022
өлшемі46,27 Kb.
#130100
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория 4 ЖГ

Елді мекенді тазартудың гигиеналық маңызы

Адам баласының тіршілігі нәтижесінде қатты және сұйық қалдықтар құралады. Сұйық қалдықтарға нәжістер, жуынды, кір сулары, атмосфералық және өндірістік қалдық ағында сулар, ал қатты қалдықтарға-үйінді, қоғамдық тамақтану орындарынан шыққан қалдық заттар, көне көң үйіндісі, өндірістік қалдықтар, жануарлар өлігі, қасап қалдықтары жатады. Тұрғын жерлердің нашар, жеткіліксіз ұйымдастырылған тазарту, оның санитарлық және эпидемиологиялық жағдайына кері әсер етеді.

Қалдықтардан тазалау тәсілі оның түріне байланысты. Сұйық қалдықтарды тазалауда 2 жүйе қолданылады: шығару және ағызу (канализация). Біріші жағдайда қалдықтар қала сыртына көлік көмегімен шығарылады, ал екінші-түтік жүйесімен ағызылады. Ағызу жүйесі өзінің техника-экономикалық жағынан ғана емес, гигиена және эпидемиологиялық жағынан да жетік тәсіл. Қатты қалдықтар арнаулы бөлінген жерлерге залалсыздардыруға шығарылады.

Қалдықтарды шығару тәсілі: Сұйық қалдықтарды шығару жүйесі келесі элементтерді қамтиды: 1) қалдықтарды жинауға арналған қабылдау орны; 2) тасымалдаушы көлік; 3) жою және залалсыздандыру қондырғылары.

Әрбір тұрғын үйде, қоғамдық және кәсіпорын үйлерінде және адамдардың уақытша болатын, жұмыс орындарында ыңғайлы, жарық дәретханалар болуы керек. Олардың құрылысы жағымсыз исі, жер қыртысы топырағын, жер асты суларын ластау, шыбын ұяларына мүмкіндік берілмеуі керек. Әрдайым тазалықта болуы қажет.

Аулада қазылған дәретханасы тұрғын үйден 20 м қышықтықта тұруы тиіс. Қазылу көлемі қалдық шығару талабына (тәулігіне адам басында 1,5 л), тұрғын адам санына және шығару жиелігіне сай болуы керек. Қабырғалары мен төбесі саңылаусыз, есігі қапсыра, өзі жабылатын болуы қарастырылады. Отырғыштары қақпақпен жабылуы тиіс. Қазынды дәретхана мұржа арқылы желдетілуі керек. Тұрғын жерлерден арнаулы автокөлікпен шығарылатын қалдықтарды: 1) ассенизация жерлерінде; 2) жыртылатын жерде заласыздандырады. Ол жерлер ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолданылады.

Үйінді қалдықтарды залалсыздандырудың көптеген тәсілдері бар. Солардан көбіне кең қолданылатыны биотермиялық және термия (өртеу) әдістері. Биотермия әдісі қалдықтар құрамындағы мезофильді (40-45 градус) және термофильді (50-70) микроорганизмдерді пайдалана отырып, органикалық заттардың гумус құрай ыдырауын тездету. Патогендік микроорганизмдер, вирустар, гельминттер жұмысртқалары биотермиялық процестердің температурасына байланысты. Биотермиялық әдістерге компосттау, жетілдірілген үйінді алаңында залалсыздандыру, үдетілген әдіс (ДАНО құрылысы) және т.б.

Соңғы кездегі ағынды қалдық суларды тазалау әдістері толығымен «Жер беті суларын ағынды қалдық сулармен ластанудан сақтау ережелері» талабына сәйкес. Алайда су қоймаларының қауіпсіздігін сақь\тау ретінде осы ережелер талабына сай, өндіріс орындары ағын қалдық су мөлшерін шектеп, оның зиянды әсерін азайту шараларын жасауы қажет. Ол үшін өндірістің ағынды қалдық суларын өңдеуден өткізіп, қайта қолдану енгізілген.


Жоспар: 1. Топырақтың қасиеттері

2.Топырақтың гигиеналық және эпидемиологиялық, токсикологиялық маңызы

3. Топырақтың өзіндік тазарынуы

4. Елді мекенді тазартудың гигиеналық маңызы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет