Топырақтың қасиеттері
Жер қыртысы-өнімдік қасиеті бар жер бетінің жұмсақ қабаты. Ол минералдық, органоикалық заттар, олардың қоспасынан тұратын микроорганизмдер мекендеген ерекше комплекс. Қоршаған орта элементі ретінде жер қыртысы мен грунт адам денсаулығы мен оның өмір жағдайына әсер етеді.
Жер қыртысы топырағы әр жерде әртүрлі және бірінен-бірі түйіршіктерінің өлшемімен ерекшеленеді. Ірі түйіршікті жер тегінің түйіршіктер аралығындағы бос кеңістігі үлкен. Бұл көрсеткіш оның физикалық қасиетін суреттейді. Ірі түйіршікті жер топырағы ауа мен суды жақсы өткізе алады, ал ұсақ түйіршікті топырақ су ұстағыш, гигроскопиялық, капилярлық қасиетке ие. Мысалы, ірі құм салмағы жөнінен 20% ылғал ұстай алса, саз - 70% дейін ұстайды. Топырақ ауасының құрамы атмосфера ауасынан айырмашылығы онда көп мөлшерде көмірқышқыл газы, су булары және оттек аз болады. Тереңдеген сайын оттек 14% азаяды, ал көмірқышқыл газы 8% көбееді. Органикалық заттар көп болып, ауа өткізгіштігі аз болса, топырақта метан, аммиак, күкіртсутек бөлінуімен анаэробты процестер басым болады. Борпылдақ ірі түйіршікті топырақта жақсы аэрация нәтижесінде биохимиялық процестер аэробты түрде жүреді.
Жер топырағының бұл қасиеттерінің гигиеналық маңызы зор. Жер топырағының ауа өткізу қасиеті оның оттекпен құнарлануына содан жер қыртысында өзіндік тазалану процесінің қалыпты жүруіне ықпал етеді. Суды нашар өткізетін жер топырағы ылғал мен салқын болуымен бірге тез батпақтануға бейім. Ал су ұстағыштық, капилярлық, гигроскопиялық қасиеттері кері әсер етіп, грунттық сулардың жоғары көтеріліп, үйлердің іргетастарының ылғалдануын тудырады.
Сапрофиттік микроорганизмдердің басым көпшілігі 10 см тереңдікте болады. 1г жер топырағы құрамында оның саны жүз мыңдаған, миллиондаған және тереңдеген сайын оның саны азаяды. 25 см жер қырытысы астында микроорганизмдер саны 10-20 есе аз, ал 4-7 м тереңдікте, жер қырытысы құрылымы өзгермеген жағдайда, мүлдем таза болады.
Достарыңызбен бөлісу: |