Тақырып Төтенше жағдайлар және олардың жіктелуі Төтенше жағдай туралы түсінік Төтенше жағдай жіктелімі



бет2/5
Дата14.10.2022
өлшемі37,82 Kb.
#153158
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 5
лекция 3
2. Төтенше жағдай жіктелімі
Т
Төтенше жағдайлар

Табиғи

Техногендік

Әлеуметтік
Ж туындау көздеріне тәуелді табиғи, техногендік, әлеуметтік және экологиялық болып бөлінеді және оның жіктелуі 3.1 суретте көрсетілген.


Экологиялық

Сурет 3.1 Төтенше жағдайлар жіктелімі


ТЖ әрқашан адаммен бірге қатарласа жүріп, оның өміріне қауіп төндіреді, қайғылы, бақытсыз жағдайларға, жарақат алуға әкеліп соғады, тіпті өлімге соқтырады, материалдық құндылықтарын залалдайды және жояды, қоршаған табиғи ортаны, коғамды, өркениетті орасан зор шығынға ұшыратады.


Ғалымдардың болжамдары бойынша, жақын уақыттағы жылдарда ТЖ саны арта түспек. Егер өткен ғасырдың 60- жылдарында 62 адамның ішінде 1 адам, 90-жылдары 29 адамнан 1 адам табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ зардап шексе, ал XXI ғасырдың басында 14 адамнан 1 адам зардап шегуде. Дүние жүзіндегі ТЖ салдарынан зардап шеккендердің көбейу тенденциясы жылына 8,6% болса, материалдық шығындар 10,4% артуда.
Біздің еліміздегі ТЖ салдарынан қаза тапқандардың саны жылына 4% артса, материалдық шығындар 10% артуда.
Ғалымдардың болжамынша 2010 жылы, ТЖ келген материалдық шығындар 150 миллиард АҚШ долларын құраған.
Төтенше жағдайлар аймағы - ТЖ туындаған белгілі бір аумақ.
ТЖ зардап шеккен адамдардың санына, материалдық шығындардың көлеміне, келтірген нұқсанның көлеміне және қирату факторларының таралу ауқымына қарай келесідей бөлінеді: объектілік, жергілікті, аймақтық, өңірлік және жаһандық.
- объектілік (зардаптарының таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген) - нәтижесінде 10 аса адам зардап шеккен немесе 100 аса адамның тіршілік жағдайы бұзылған ТЖ аймағы;
- жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген) - нәтижесінде 10-50 адам зардап шеккен немесе 100-300 адамның тіршілік жағдайы бұзылған ТЖ аймағы;
- аймақтық (зардаптарының таралуы Қазақстан Республикасының субъектті шекарасымен шектелген) - нәтижесінде 50-500 адам зардап шеккен немесе 300-500 адамның тіршілік жағдайы бұзылған ТЖ аймағы;
- өңірлік (зардаптарының таралуы бірнеше облыспен шектелген) - нәтижесінде 500 аса адам зардап шеккен немесе 500-1000 адамның тіршілік жағдайы бұзылған ТЖ аймағы;
- жаһандық (зардаптарының таралуы бірнеше мемлекеттерді қамтиды) —зақымдаушы факторы Қазақстан Республикасының (ҚР) шекарасынан асатын немесе шет елдерде болған және ҚР-ның аймағында ықпалын тигізетін ТЖ аймағы.
Төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.
Төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуга, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қауіпі туралы хабарлау;
- төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары;
- төтенше жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерге талдау жасау.
Төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен төтенше жағдайлардың деректер банкін жасау, төтенше жағдайларды болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді.
Жағдайды қадағалау, бақылау мен төтенше жағдайларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
Төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау ісін арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады. Білімді насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуін, шығындар мен залалды мүмкіндігінше азайту үшін мынадай қорғану шараларын жүзеге асыру керек:
- сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;
- гидротехникалық және инженерлік-геологиялық қорғану шаралары;
- көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлікте төтенше жағдайларды болғызбау үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;
- қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;
- өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсімдіктерімен, орман кеселдерімен және зиянкестерімен зақымдануына жол бермеу шаралары;
- арнайы уәкілдік берілген органдардың міндетті күші бар нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ.
Адамзатқа көп запал келтіретіні табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (стихиялық апаттар). Оған табиғаттың қаһарлы құбылыстарымен байланысты ТЖ жатады: жер сілкінісі, топан су, цунами, торнадо, құйындар, табиғи өрттер, сырғымалар, көшкіндер, опырылмалар, селдер, қар көшкіні, толассыз жауын-шашын, дауылдар, құрғақшылық, желдер, күн суыту, күннің ысуы, жанартаулардың атқылауы, бұршақ, қар басу, найзағайлар, тұмандар, көк тайғақ, мұз қату.
Стихиялық апаттар - адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін, материалдық құндылыктардың жойылуына әкеліп соғатын және қоршаған табиғи ортаға зиянын тигізетін ауқымды масштабтағы табиғи құбылыстар. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі 3.2 суретте көрсетілген.
Біздің елімізде жиі кездесетін табиғи сипаттағы ТЖ: су басу, жер сілкінісі, қатты желдер, қар басу, табиғи өрттер, көшкіндер, селдер, ауаның экстрималды температурасы, тұман және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет