Тақырып Төтенше жағдайлар және олардың жіктелуі Төтенше жағдай туралы түсінік Төтенше жағдай жіктелімі


Өндірістік тазалау объектілеріндегі апаттар



бет5/5
Дата14.10.2022
өлшемі37,82 Kb.
#153158
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 5
лекция 3
Өндірістік тазалау объектілеріндегі апаттар - улағыш, уытты және зиянды заттардың қоршаған ортаға тасталуына әкеліп соғады.
Гидродинамикалық авариялар - гидротехникалық ғимараттардың, су қоймаларының бұзылуы. Нәтижесінде үлкен ауқымды аймақтарды су басып қалады.
Қоғамдағы техникалық прогрестің ары қарай дамуы нәтижесінде ТЖ жаңа түрлері туындайды. Сондықтан да, осындай ТЖ болдырмаудың шараларын адамдардың білуі, үйренуі, дағдылануы, тәжірибе жинауы, техногендік сипаттағы ТЖ туындаған жағдайда адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған іс- әрекеттер жасауы маңызды мәнге ие.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар - бүгінгі таңда, қоғамның өмірінде маңызды орын алатыны әлеуметтік сипаттағы ТЖ: соғыстар, лаңкестік әрекетгер, адамдарды кепілдікке алу, ұрлық, тонау, алаяқтық, азарттық ойындар, зорлау-зомбылау, бопсалау,зиянды және қауіпті әдеттер, адамдардың топырлап жиналуы, өзге жинақты бірлестіктер. Олардың жалпы саны, көптүрлілігі, салдарының масштабтары әр уақытта артуда. Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың спецификалық ерекшелігі, адамдардың өзара қарым- қатынасында туындайды және адамдардың өзіне ғана тәуелді.
Әлеуметтік сипаттағы ТЖ адамдармен саналы түрде жоспарланады, дайындалады, жасалады. Бұл адамдар әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың көмегімен өздерінің саяси, ұлттық, діни-нанымдық, кримналдық, қаржылық, жеке мәселелерін шешуге тырысады. Бұл мақсатта түрлі жауыздық әдістер қолданады: қорқыту, бопсалау, зомбылық көрсету, алдау, арбау, кепілге алу, тонау, өлтіру және т.б. Көпшілік жағдайда бейбіт халыктың әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың құрбандары болатыны, оны ұйымдастырушыларға, тапсырыс берушілерге және орындаушыларға бөгет бола алмайды.
Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың жіктелуі 3.4 суретте көрсетілген.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында БҰҰ мәлімдеуі бойынша, шиеленіскен жағдайлардың нәтижесінде: 2 миллион жасөспірім қаза тапқан; 6 миллионы жарақат алып, мүгедек болған; 10 миллионнан астамы осы уақытқа дейін психологиялық зардап шегуде.
Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-мен күресу үшін әлемдік қоғамдардың, мемлекеттердің, арнайы қызмет орындарының әрекеттері бағытталған. Жалпы қоғамдық жүйеде орын алатын тұрғындарға, тіпті әр қайсысымызға, әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың кері әсері тиері һақ. Өзіміздің білімімізбен, танымымызбен, дұрыс және уақтылы әрекеттерімізбен көптеген әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың алдын алып, ауыртпалық зардаптарын болдырмауға болады.

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай





Қоғамдық

Жеке

Криминалды

Сурет 3.4. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі


Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар - Жер бетінде адамзат жайлы жағдайда тіршілік ету үшін, экологиялық сипаттағы ТЖ-ға үлкен көңіл бөлуі қажет. Оларға жататындар: өсімдіктер мен жануарлардың қырылуы; топырақ жамылғысының ластануы, тұздануы, эрозияға ұшырауы; атмосфераның ластануы; гидросфераның ластануы; табиғи ортаның ластануы; су ресурстарының азайуы және т.б. Экологиялық сипаттағы ТЖ-дың жіктелуі 3.5 суретте көрсетілген.


Табиғи ортаның ластануы, озон қабатының жұқаруы, тірі организмдердің оның ішінде адамның иммундық жүйе қызметін төмендетеді.
Қазақстандағы табиғи ортаның нашарлауына әкеліп соққан факторлардың бірі, тау-кен өнеркәсіп салаларының негіссіз дамуы.
Қазақстан әлемдік тау-кен өнеркәсіптері өнімдерінің 20% өндіреді. Бұл шикізаттардың үлкен бөлігі экспортқа шығарылады.
Экспорттау жүйесінде Қазақстан мұнай мен газдан бөлек, металл және минералды тыңайтқыштар өндіреді. Әлемдік рынокқа Қазақстан қара және түсті металл шығарады. Бірақ метталлургия — экологиялық зиянды өндірістердің бірі. Сондықтан да, біздің металлургиялық өнімдерімізді сатып алушылар, зиянды металлургия өндірісінің өз елдерінде емесе, Қазақстанда болғанын қалайды. Дәл осындай жағдай минералды тыңайтқыштар өндірісінде де орын алып отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, еліміздегі экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін ұлттық өнімнің 3%, ал экологиялық жағдайды жақсарту үшін 5% жұмсауы керек. Мұндай шығындарды Германия, Ұлыбритания және Швеция жұмсайды. Табиғатты қорғау шараларына ең үлкен шығындарды жұмсайтын АҚШ - 7%. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 0 ,5% құрайы.



Экологиялық сипаттағы төтенше жағдай




Жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жойылуы

Топырақтың эрозиясы, ластануы


Атмосфераның ластануы

Табиғи ортаның ластануы

Оттегінің жетіспеушілігі

"Әлемдік мұхит" суының ластануы

Су қорларының сарқылуы

Топырақтың тұздануы

Қышқыл жауындардың түзілуі

Құрлықтардың шөлейттенуі

Сурет 3.5. Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайдың жіктелімі.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Т. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. Наукенова, Жантасов М.Қ Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі /оқулық. Эверо, Алматы, 2015 ж.
2. Б. Нурғазина. «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері»: пәнінен дәрістер конспектісі / ШҚМТУ, 2014 –50 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет