Тарих факультеті



Дата19.12.2022
өлшемі1,37 Mb.
#163248
Байланысты:
Ержанова Д С ЕА қазіргі заман №5 ОСӨЖ


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тарих факультеті
Тарих және Дінтану кафедрасы
ОСӨЖ№5
Тақырыбы: 1918-1939 жж. халықаралық қатынастарға тән ерекшеліктер мен үрдістер.
Ақтөбе,2022 ж.
Орындаған: Ержанова Д.С
Топ: Тарих-Дінтану 405
Қабылдаған: Сугурбаева Б.К

Жоспар: 1. 1918-1939 жылдардағы халықаралық қатынастар жүйесі 2. Версаль - Вашингтон жүйесінің күйреyi. 3. Рейн кепілдік пактісіне қол қойылуы 4. Қорытынды 5. Пайдаланылған әдебиет


Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар
20 — 30 - жылдардағы халықаралық қатынастар. Соғыстар аралығындағы халықаралық қатынастарды 20 - жылдардағы және 30 - жылдардағы деп eкi кезеңге бөлуге болады.
Алғашқы кезде соғыста жеңіске жеткен елдер мен жеңілген елдердің арасында өзара келісімшарттар жасалды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан зардап көрген халықтар бейбітшілікті жақтап, соғысқа қарсы тұру көзқарасы қалыптасты. Сондықтан 20 - жылдар пацифизм дәуірі аталып, мемлекет басшылары елдер арасындағы қайшылықтарды бейбіт түрде шешуге көшті.
Level One
Интербеллум (1918–1939). Международные отношения: как после войны создавался новый мир
Версаль - Вашингтон жүйесінің күйреyi. Халықаралық қатынастарда шиеленістер бірінен соң бipi туындап отырды. Солардың біріне соғыстан кейін төлемдерге қатысты "Рур дағдарысы" жатады. Жеңілген Германия 132 млрд марка деп есептелген соғыс шығынын өтеуге мәжбүр болды. Соғыстан кейін әскери күшке сүйенген Франция өз үстемдігінен Еуропаға орнатпақ болып, басқалармен санаспай қоқан - лоқылыққа салды. 1923 жылы Германия жағы соғыс шығындарын өтеу тәртібін бұзды деген сылтауға сүйеніп, Франция және Бельгия немістердің Рур облысына әскерлерін енгізді.
Бұл дағдарысты реттеуге Англия, АҚШ, т. б. елдер атсалысып, 1924 жылы халықаралық капитал ұсынған "Дауэс жоспары" қабылданды. (Дауэс — неміс банктерімен және кәсіпорындарымен тығыз байланыста болған Американың Морган тобының өкілі). Ол жоспар Германия төлем ақысын жыл сайын 1 млрд маркамен есептеп, елдің жағдайы жөнделе бастағанда 3 млрд маркаға дейін жеткізуді белгіледі. Соғыс шығындарын өтеу мәселесі неміс халқының наразылығын тудырып, барған сайын қарсыласуды ұлғайтты.
Мұндай әрекетке жол бермеу үшін, сондай - ақ Францияны сабасына түсіру үшін Ұлыбритания мен Италия ұсынысы бойынша 1925 жылы Локарно қаласында (Швейцария) сыртқы icтep министрлері кездесті. Кездесуге олардан басқа Франция, Бельгия, Германия мемлекеттері шақырылды. Соның нәтижесінде Рейн кепілдік пактісіне қол қойылып, ол Еуропада қалыптасқан шекаралардың бұзылмайтындығын мәлімдейді. Польшаға, Чехословакияға шарттық кепілдік берілді. Олар Германияның батыс шекараларына ешкім тиіспейді деп шешеді. Сөйтіп, шиеленіс бәсеңдеп, Германияның Еуропа елдерімен саяси теңдігі мойындатылды. Бірақ Локарнодағы келісімде Герма¬нияның Шығыстағы шекаралары келешекте қарастырылуы мүмкін делінген болатын. Сөйтіп, неміс: халқының бөлінгендігі және олардың кейін бip - бірімен қосылуы туралы пікір туа бастады. Бұл Версаль жүйесінің әділетсіздігін делелдегендей болды. Соны кейін неміс дипломатиясы алға тартып, Судет пен Австрияны Германияға қосу мәселесін көтерді.
"Дауэс жоспары" Германия шаруашылығының тез жетілуіне жәрдемдесті. Немістер соғыс шығындарын өтеуді жеңілдетуде, керек болса жоюды көздеді. 1929 жылы тамызда Гаагада өткен халықаралық конференция жаңа "Юнг жоспарын" бекітіп, Германияның жылдық төлемін 2 млрд. маркага дейін азайтты.
Ұлттар Лигасының дәрменсіздігі. Келесі дау қарусыздандыру мәселесіне байланысты болды. Батыс елдері оған КСРО - ны да қатыстыруға тырысты. Бірақ ол көп уақыт бойы ешқандай нәтиже бермеді. 1927 жылы теңіздегі әскери күштерді шектеу туралы келіссөздер жеміссіз аяқталды. Ipi елдердің бip - бipінe сенімсіздікпен қарауы ұлғая берді.
Ұлттар Лигасының дәрменсіздігі. Келесі дау қарусыздандыру мәселесіне байланысты болды. Батыс елдері оған КСРО - ны да қатыстыруға тырысты. Бірақ ол көп уақыт бойы ешқандай нәтиже бермеді. 1927 жылы теңіздегі әскери күштерді шектеу туралы келіссөздер жеміссіз аяқталды. Ipi елдердің бip - бipінe сенімсіздікпен қарауы ұлғая берді.
Пайдаланылған әдебиет:
  • Виноградов К.Б. Мировая политика 60–80-х годов XIX века: События и люди. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1991. – 412 с.

  • 2. Галкин И.С. Создание Германской империи: 1815–1871. – М.: Наука, 1986. – 389 с.
    3. Данилевский Н.Я. Россия и Европа. – М.: Книга, 1991. – 574 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет