1. Төтенше жағдай туралы түсінік 2. Төтенше жағдай жіктелімі
Дәріс мақсаты: - төтенше жағдайларда іс - қимылдарын ұйымдастырудағы білімді насихаттау мақсатында – болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге ТЖ-дан алып шығудың қарапайым жолдарын меңгерту;
- дәріс барысында берілген ақпаратты есінде сақтай отырып, төтенше жағдай түрлерін ажыратуды үйрену
1. Төтенше жағдай туралы түсінік Адамзат ерте заманнан табиғи сипаттағы түрлі қауіптерге - жер сілкіністеріне, жанартаулардың атқылауына, тайфун, цунами, құйындарға, өрттерге, су тасқындарына, қар көшкіндеріне, сел тасқындарына үйреншікті қалыптасып келді.
Өркениеттің дамуымен табиғи апаттар, адамның тіршілік әрекетімен байланысты қауіптердің жаңа түрлерімен: табиғатты жою, теңіз суын ластау, ғарыштың ашылуы, жер қойнауын ысырап ету, соғыс мақсаттарында жасалған қарулар — сутекті бомба, ядролық, химиялық және биологиялық қарулар және т.б. толықгырылды.
Төтенше жағдайлар (ТЖ) — аппаттардың, қауіпті табиғи құбылыстардың, катастрофалардың, күтпеген немесе басқа да апаттардың нәтижесінде туындаған және адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, өмір-тіршілік әрекетіне, қоршаған табиғи ортаға және шаруашылық объектілерге нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, айтарлықтай дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын немесе бұзуы мүмкін белгілі бір аймақтағы жағдай.
Төтенше жағдайлар көзі — қауіпті табиғи құбылыстар, апаттар немесе қауіпті техногендік оқиға, кеңінен таралған жұқпалы аурулар, сонымен қатар, заманауи қирату қаруларын қолдану нәтижесінде туындайтын немесе туындауы мүмкін төтенше жағдайлар.
Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіштері, деструктивті үрдістердің көрінуі және оларды қалыпқа келтіру үшін қосымша күштер мен құралдарды қажет ететін, әртүрлі шешімдер қабылдау керек. ТЖ негізіндегі ішкі және сыртқы себептері:
- ішкі: технологияның күрделілігі, қызметкердің біліктілігінің жетіспеушілігі, жобалы-құрылымдық жетіспеушілігі, жабдықтардың физикалық және моральды тозуы, еңбектік және технологиялық тәртіптің төменділігі және т.б.;
- сыртқы: стихиялық жағдайлар, кенеттен электр энергиясының, газдың, судың, технологиялық өнімдердің тоқтап қалуы, терроризм, соғыс және т.б.
Әртүрлі сипаттағы ТЖ дамуы мен себебін талдау олардың жалпы түрін және даму кезеңдерін көрсетеді. Төтенше жағдайлардың дамуының бес түрге бөлуге болады:
- кері әсерлердің жиналуы (туындауы);
- даму кезеңі (қолдан жасау);
- экстремалды кезең (кульминация), мұнда энергияның негізгі бөлігі бөлінеді;
- өшу кезеңі (қалдық және қайта зақымдаушы факторлардың әсері);
- ТЖ салдарын жою.
Жыл сайын ТЖ планетамыздың 2,5-3 миллион тұрғындарының өмірін алып кетуде. ТЖ келетін материалдық шығындар 50-100 миллиард доллар және бұл көрсеткіш жыл сайын артуда.