Тақырып Төтенше жағдайлар және олардың жіктелуі Төтенше жағдай туралы түсінік Төтенше жағдай жіктелімі


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар



бет3/5
Дата14.10.2022
өлшемі37,82 Kb.
#153158
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 5

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар



Геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы)

Биологиялық қауіпті құбылыстар (үгінділер, селдер, қар көшкіні, опырылма)



Теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су тасуы, тасқындар, грунтты сулар мен т.б деңгейінің асуы);

Метеорологиялық және агрометеологиялық қауіпті құбылыстар (дауылдар, дүлей құйындар, қуаншылдық, қатты суықтар)




Табиғи өрттер (орманды дала, шымтезек)

Жаппай көпшілік аурулар (жұқпалы аурулар індеті, эпизотиялар,эпифитотия)

Сурет 3.2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелімі


Қазіргі уақытта стихиялық апаттар, көптеген ТЖ туындауына себепші болуда. Олар адамзатты қайғылы оқиғаларға ұшыратуда, экономикаға жэне қоршаған табиғи ортаға орасан зор шығын келтіруде.


Жер бетіндегі өркениеттің даму тарихы техногендік сипаттағы ТЖ туындау шарттарын жасаумен тығыз байланысты. Адамзаттың өндірістік және тұрмыстық тіршілігінің нәтижесінде туындаған ТЖ - техногендік сипаттағы ТЖ болып табылады.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелерінде, тазарту құрылыстарында авария туғызган ТЖ.
XX ғасырдан орын алып бастаған қарқынды ғылыми-техникалықт прогресс тек қана өнімділіктің жоғарылауына әсер етпей, сонымен қатар, адамзаттың өзіне және қоршаған табиғи ортаға зардаптарын тигізді. Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр.
Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс- әрекет жасауының нәтижесіңде, техникалық жоғарғы деңгейге жетпегендіктен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.
Дүние жүзінде әрбір минут сайын жарылыстар, өрттер шығуда, ғимараттар мен үймереттер қирауда, қоршаған табиғи ортаға үлкен көлемде зиянды және қауіпті заттар тасталуда, транспорттық, өндірістік, ауыл-шаруашылық, энергетикалық апаттар мен катастрофалар болуда.
Техногендік сипаттағы ТЖ адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, материалдық құндьлықтардың жойылуына, экономикалық және экологиялық шығындарға әкеліп соғады.
Чернобль АЭС болған техногендік апат бәрімізге белгілі. Бұл апаттың нәтижесінде 20 астам мемлекеттің аймағы радиобелсенді заттармен ластанды, орасан зор экономикалық шығынға әкелді, миллиондаған адамдар зардап шекті. 1945 жылы Жапониядағы қолдан жасаған екі ядролық жарылыс жүз мыңдаған адамның өмірін алып кетгі. Сонымен қатар, өрттер, жарылыстар, өндірістік және транспорттық апаттар орны толмас қайғылы оқиғаларға соқтыруда.
Бүкіл әлемде транспорттық апаттардан жылына 1 миллион адам қаза болып, 8 миллион адам жарақат алуда.
Авария - машинаның, станоктың, қондырғының, энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің, жабдықтың, транспорт көлігінің, ғимараттың істен шығып, бұзылуы.
Апат (катастрофа) — адам шығындары бар, қайғылы нәтижелі үлкен авария.
Апаттың келесідей түрлері белгілі:
Экологиялық апат — өмір сүру ортасының төтенше-жағымсыз өзгеруіне, флораға, фаунаға, топырақ жамылғысына, ауа ортасына, жалпы табиғатқа жаппай залал келтіретін стихиялық қайгылы жағдайлар, ауқымды өндірістік немесе транспорттық апаттар;
Өндірістік немесе транспорттық апат — адам өлімдеріне және едәуір көлемде материалдық шығын әкелететін ауқымды авария;
Техногендік апат — механикалық, химиялық, термиялық, радиациялық және басқа да энергиялардың кенеттен босауы.
Техногендік сипаттағы ТЖ жіктелуі 3.3 суретте келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет