Тақырып: word текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi, құрал тақтасы мен кезеңдерi. Мақсаты



Дата01.05.2017
өлшемі80,11 Kb.
#15391
түріСабақ
ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы Абай атындағы мектеп лицейі информатика пәні мұғалімі Тлеуханов Роллан Рымханұлы

Тақырып: WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi , құрал тақтасы мен кезеңдерi.

Мақсаты:

Білімділік – Оқушылардың WORD текстік редакторы және онымен жұмыс жасаудың бастамалары туралы білімдерін қалыптастыру. Мәтіндік редакторда жұмыс істеуді үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Сабақ барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Растрлық графикалық редакторларды атаңыз?

  2. Векторлық графикалық редакторларды атаңыз?

  3. Растрлық және векторлық графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?

  4. Paint құрал-саймандарын атап шығыңыз?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.

Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие.



  • құжаттарды құру және теру;

  • қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

  • кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

  • емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

  • іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді және Шаблонды пайдалану;

мәтіндік процессордың кемшіліктері:

  • математикалық формулаларды енгізу күрделі;

  • растрлық графикаларға арналмаған.

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен қосуға болады. Ол үшін келесі команданы орындаймыз:

Пуск – Программы - Microsoft Office - MS Word.

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. MS Word терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі редактор терезесінің жоғары бөлігіне негізгі меню бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама.

MS Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақтасы мен Форматтау тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау шығады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. MS Word процессорын қалай іске қосуға болады?

  2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады?

  3. Форматтау тақтасына қандай операциялар жатады?

  4. Жаңа MS Word құжатты қалай ашады:

  5. MS Word құжатын қалай сақтауға болады?

Тапсырма.

MS Word – пен танысу.



1)Алгоритмдерін орында:

  1. WORD мәтіндік процессорын іске қосу

  2. WORD мәтіндік процессорында құжатты алғашқы рет сақтау

  3. Мәтіндік құжатты бірден пішімдеу командасы

  4. Мәтінге автоматты түрде тасымал орнату

  5. Белгілеп алынған мәтінді жылжыту командасы

  6. Белгілеп алынған мәтінді көшіру командасы

2)Семантикалық картаны толтыру
























Орындатпау, болдырмау
































Буферден қою
































Көшіру
































Орын ауыстыру, жылжыту































Қаріп өлшемі
































Мәтіннің екі жаны бойынша туралау































Сақтау
































Мәтінді ортасына туралау
































Баспаға беру
































Жаңа құжат құру

































3)Электронды оқулықтан: 5,6,7 тапсырмаларды орындату. (8-сынып)

6)Сабақты қорытындылау және бағалау.



Оқушыларға WORD мәтіндік редакторымен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 7.1, бет. 63-66

WORD – пен танысу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет