Тақырып. XV-XIX ғасырлар кезеңіндегі Қазақстандағы этнопедагогика мен ұлттық тәрбиенің дамуы


Ұрпақ тәрбиесіндегі би-шешендердің тәлім-тәрбиелік идеялары (Төле би, Қазбек би, Айтеке би, Жиренше т.б.)



бет3/3
Дата14.12.2021
өлшемі17,96 Kb.
#126979
1   2   3
Байланысты:
этнопед

2. Ұрпақ тәрбиесіндегі би-шешендердің тәлім-тәрбиелік идеялары (Төле би, Қазбек би, Айтеке би, Жиренше т.б.).Билердiң шешендiгi - сол халықтың даналығы мен ой-санасынан туындайтыны айғақ. Халықтың ой-санасы оның мәдениетiне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмiр сүру тәсiлi мен дiни наным-сенiмiне, күнделiктi тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсiм-салтына сүйенедi. Осы әр түрлi деңгей мен көрiнiстегi факторлар ой-сананы өзiнше ұйытқы етiп келдi. Қазақ билерi дүние мен әлемдi адамилық тұрғыдан түсiндi. Олар үшiн: дүние мен адам, ғұмыр мен дүние, табиғат-ана бiртұтас мән; адамсыз заман болмайтындығы ақиқат; адамның өмiрдегi орны мен қызметiн жандандыру, әрлету қажеттiлiк.

Халқымыз уәж сөзге тоқтаған, бiр сөздiлiгiмен кiсiлiктi жақтаған. Сөз қадiрiн бiлген халқымыз тiптi қиын қыстау кезде: “Бас кеспек бар, тiл кеспек жоқ” деп туралыққа тоқтаған. Осы биiк талаптан ата-баба құндылықтарын меңгермеген зердесiздi “жетесiз” деп тұқырта салған. Рухани мұқтаждық өмiрге деген талаппен қатар мiнезге тамыр жайған. Нағыз билер - жарық дүниенiң жарасымдылығын аңсағандар. Олардың болмысына екi ерекшелiк ортақ: бiрiншiден, даналыққа толы тағылым, тек түбiне бойлай бiлетiн сабақтастық, екiншiден, ойдағы даналыққа толы толғау, түсiнiгi терең сын көзқарас. Даналық - ой дәлдiгi мен дәйектiлiгiнде, көңiлдегi көкейкестi сыр мен мұңды ашық жеткiзе бiлуiнде. Сыни көзқарас - адамды, оның тұрмысын, қоғамдық өмiрдi түзетудiң, жөнге салудың пәрмендi құралы. Олай болса, даналық дегенiмiз өмiр сүрудiң жетiлген түсiнiгi, өмiрдi жетiлдiрудi мақсат тұтқан сыни көзқарастар жүйесi, ал сыни көзқарас - өз елiң мен жерiңдегi адамдардың жақсылығы мен жамандығын, көңiлi мен пейiлiн, қанағаты мен жiгерiн, ар-намысын саралауға, сомдауға бағытталған. Қазақ би-шешендерi алты алаштың тату-тәттi, ақжарқын заманда өмiр сүруiн аңсап өттi. Бұл дегенiмiз халықтың төрт құбыласын түгендеу. Осы мұратқа орай “бiлiп айтқан сөзге құн жетпейдi, тауып айтқан сөзге шын жетпейдi” (Төле би). Сөздiң шыны мен құны - ақылдың құты, билердiң қоғамдағы рөлi мен мерейiн үстем етер құдiрет. Халықтық тәрбиедегi қолайсыздықты сиретiп, үлкен мұратқа ұмтылу үшiн адамға, соның iшiнде билерге алдымен бiлiм, яғни ақыл керек, екiншiден, ғылым немесе оқу керек, үшiншiден, ұғым, оқығанды пайымдау, тоқу керек, төртiншiден, отты жүрек, батылдық керек. Қазақтың үш төбе билерi де адамзат тiршiлiгiн, оның келешегiн адам қайыр-қамқорымен салыстыра саралайды:

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайран қылмаса (Төле би).

Атадан жақсы ұл туса,

Елiнiң оңы болады (Қазыбек би).

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисiн,

Бай болып елге пайдаң тимесе,



Елден бөтен үйiң күйсiн. (Әйтеке би).

Би шешендер қаршадайынан ел мұң-зарына құлақ түре жүрдi, тығырықта алғыр, зерек, әдiл болып ержеттi, айтыс-тартыста ой өрiсiн жетiлдiрдi, сөйлеу мәдениетiн нақыштады. Ойы мен болмысы белсендiлер ел жағдайын, әсiресе олардың рухани болмысын жетiк бiлген сайын, әдiлдiк жағына ауысып отырды. Билер iскерлiкке, талаптыларға тәнтi болды, мәселенiң мән-жайымен жан-жақты танысты, арызданушы жақтардың өз айыптамаларын байыппен талдады, қажеттi жағдайда бұлтартпас айғақтарды алға тартты. Билер ұстанған талап қатаң, әдiл, жүйелi болды. Олар тәртiп пен тағлым, өнеге мен өнер мәселелерiне ерекше мән бердi. Сондағы уағызы - “Ақылды көпшiл келедi, надан кекшiл келедi”, “Ақылсызға ақылды тура айтса, мiн деп бiледi”, “Ақылдыны алысым деме, ақылсызды жақыным деме”, “Ақылдының алдымен жүр, ақымақтың артымен жүр” деген өмiрлiк қағидалар болды. Қысқасы, қазақтың әлеуметтiк болмысын битану тағлымы мен өнерiнен пайымдаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет