Түйнек бактерияларының таза кльтураларын бөлу Түйнек бактерияларының таза кльтураларын бөлу үшін Петри табақ-шасындағы бршақ агарлы пластинкасына түйнек шырыны тамшысының жұғындысын егеді. Стерильділікті сатай отырып, қыздырылған бұршақ агарын 3 стерильді Петри табақшаларына құяды және пластинкаларды қа-ту үшін қойып қояды. Түйнектерді топырақтан жуып тазалап, 5 минутақа 0,1%-ті сулема сулы ерітіндісіне салады, стерильді дист. Сумен шаяды, 1 минут 96%-ті спиртте ұстайды және қайтадан сумен шаяды. Түйнектерді өңдеуді кішкене бюкстарда, тигельді табақшаларда және пенициллиннен босаған ыдыстарда жүргізген ыңғайлы.
Өңдеп болған соң ең ірі түйнекті, стерильділікті сақтай отырып, Петри табақшасындағы су тамшысына салып, оны пинцетпен жаншиды. Микробиологиялық ілмешекпен шырын тамшысын Петри табақшасын-дағы бұршақ агарлы пластинка ортасына апарады және Дригаль шпателі-мен жұғындыдан тағы да 2 табашаға егеді. Егілген Петри табақшаларын термостатқа 25-280С температураға қояды.
Өсу жылдамдығына қарай колониялары 4-5-ші күні түзілетіндіктен тез өсетін түйнек бактериялары (беде, бұршақ) және колониялары тек 9-10-шы өсу тәулігінде түзілетіндіктен жай өсетін түйнек бактериялары (бөрі-бұршақ, соя) деп бөледі.
Түйнек бактерияларының колониялары ақшыл, шырышты, орта беткі қабатында және бұршақ агарынан қабатында дамиды. Бактерия колония-ларын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен (окуляр 15Х, обьектив 8-10Х) көреді және сипаттап жазады.
Түйнек бактерияларының морфологиясын зерттеу үшін олардың коло-нияларынан жұғынды дайындайды. Жұғындыларды фиксациялайды, бояйды және МИ-90 обьективін пайдалана отырып, микроскоптайды. Жұғ-ындыдан түйнек бактерияларының даму фазаларын зерттейді,сипаттама береді.
Келесі жұмыс үшін егер мүмкіндік болса, дамыған колониялардан микроорганизмдерді таза культураға, қиғаш бұршақ агарына егеді.
13.2. Нитирификация, денитрификация. Нитрификация бактериялары. Аммиактың және аммоний тұздарының азотты және азот қышқылын түзе отырып тотығуы нитрификация дап аталады. Нитрификация процесі екі фазада өтеді және оны нитрификациялаушы бактериялардың екі тобы жүргізеді. Нитрификацияның бірінші фазасында аммиактың азотты қышқылға дейін тотығуы жүреді:
NH4+ +1 ½ O2 NO2- +2H+ + H2O + 279 кДж.
Бұл процесті нитрозды бактериялар: Nitrosamonas, Nitroslobus, Nitro-sococcus, Nitrosospira oslobus Nitrosococcus Nitrosospira жүргізеді.