Nitrosomonas europea көп зерттелген. Клеткалары кокка тәрізді неме-се сопақ пішінді, мөлері 0,5-1,5 мкм, қозғалғыш, полярлы орналасқан ұзын талшықты.
Нитрификацияның екінші фазасында азотты қышқылдың азот қыш-қылына дейін тотығуы жүреді: Бұл процесті нитрат бактериялар Nitrobacter, Nitrospna жүргізеді.
Nitrobacter – ұсақ таяқшалар, дөңгелек, жұмыртқа немесе алмұрт піш-інді, мөлшері 1,0-1,2 мкм, қозғалмайды, жеке немесе шырышты капсуламен қоршалған онша үлкен емес топшаларға біріккен. Осы туыстың ішіндегі бактериялардан екі түрді: Nitrobacter
Материалдар мен құрал-жабдықтар: нитрификацияның бірінші жә-не екінші фазалары үшін керекті оректік ортасы бар колбалар, Эрленмейр колбасы, парник топырағы, қандаур, фарфор ыдыс, пипеткалар, 20%-ті күкірт қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, дифенилаламин, Несслер реактиві, мырыш-иод-крахмал реактиві, заттық шынылар, микробиология-лық ілмешек, пинцет, генцианвиолет немесе фуксиннің сулы ерітіндсі, микроскоп, бокс-ламинар.
Жұмысы барысы:
Нитрофикациялаушы бактерияларды жинақтау үшін С.Н. Виноградс-кий қоректік ортасы (г/1л дист. Су) қолданалады.
Нитрификацияның бірінші фазасы үшін:
(NH4)2SO4-2,0
K2HPO4 -1,0
MgSO4 – 0,5
Na Cl – 2,0
FeSO4 – 0,4
CaCO4 – 5,0
Нитрификацияның екінші фазасы үшін:
NaNO2 – 1,0
Na2CO2 – 1,0
NaCl – 0,5
K2HPO4O4 – 0,5
MgSO4 – 0,5
FeSO4 – 0,4
Қоректік ортаны автоклавта 1 атм-да 20 минут стерильдейді, Эрлен-мейер колбаларына қалыңдығын 1,0 – 1,5 см етіп құяды және парник топырағының түйірін қосады. Колбаларды мақта тығынмен жауып, термо-статқа 25-280С температураға 14-21 күнге қояды.
Нитрификация процесінің жүруін колбадағы қоректік ортаның құр-амының өзгеруіне қарап біледі. Нитрификацияның бірінші фазасы үшін дайындалған қоректік ортасы бар колбадан Несслер реактивімен аммиактың түзілуін және мырыш-иод-крахмал реактивімен азотты ышқылдың түзілуін тексереді. Фарфор ыдысқа мырыш-иод-крахмалдың 3 тамшысына 1 тамшы күкірт қышқылының 20%-ті ерітіндісін және 1 тамшы зерттелетін сұйықтықты қосады. Азотты қышқыл қатысуымен сұйықтық қара-көк түске боялады.
Нитрификацияның 2-ші фазасы үшін дайындалған оректік ортасы бар колбадан мырыш-иод-крахмал реактивімен азотты қышқылдың барлығын және дифениламинмен реакциядан азот қышқылының түзілуін тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |