Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған


Күкіртті тотықтыратын денитрификаторлардың жинақтаушы культурасы



бет34/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
микр лаб жаңа

Күкіртті тотықтыратын денитрификаторлардың жинақтаушы культурасы
Нитраттарды қалпына келтіруге кейбір автотровтар, мысалы Thioba-cillus denitrificans қабілетті. Анаэробты жағдайда бұл микроб нитраттар оттегін пайдалана отырып күкіртті немесе күкірт қышқылының түзілуімен тиосульфатты немесе сульфатты тотықтырады. Нитраттар бұл кезде моле-кулярлы азотқа дейін қалпына келеді.
Бұл процестер схема түрінде келесі реакция теңдеуі түрінде беріледі:
5S+6KNO3+2H2O →3N2+K2SO4+4KHSO4
5K2S2O3+8KNO3+H2O→4N2+9K2SO4+ H2SO4
Күкіртті нитрат оттегімен күкірт қышқылына дейін тотықтыратын денитрификаторларды жинақтау үшін Бейеринк қоректік ортасы қолданы-лады (г/л дист. Су):
Күкірт түсі S2 – 10,0 K2HPO4-2,0
KNO3 – 0,5-1,0 MgCl2 – 0,1
Na2CO3 – 0,3 CaCO3 – 10,0
Тәжірибені қою үшін әдістемесі жоғарыда сипатталған тәжірибемен бірдей.
Денитрификация барысын газ бөлінуіне, ортада нитраттардың жойыл-уына және барий хлоридімен болатын реакциядан күкірт қышқылының пайда болуына қарап бақылайды.
Препараттарда Thiobacillus denitrificans бактериялары бөлінеді. Бұлар – 2-3 мкм болатын қозғалғыш таяқша, 6-8 талшығы болатын пери-трих.
Зертханалық жұмыс № 15
Микроорганизмдердің антибиоиктерге сезгіштігін анықтау
Микроорганизмдердің антибиотикке төзімділік немесе антибиотикке тұрақтылық - патогендердің бір немесе бірнеше антибактериалды дәрілердің әсеріне төзімділігі, микроорганизмдердің бактерияға қарсы әсеріне сезгіштігінің төмендеуі (қарсы тұруы, сезбеуі).Антибиотиктерге төзімділік оларды дұрыс қолданбаған және шамадан тыс қолданған, бақылаусыз қолданған, мөлшері сақталмаған және қолдану мерзімі өткен жағдайда дамиды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы микробтарға қарсы тұрақтылықты антибиотиктердің инфекцияға қарсы әсер ете алмайтын денсаулық саласындағы дағдарысқа әкелуі мүмкін қоғамдық денсаулыққа төндіретін үлкен қауіпке айналғанын көп уақыттан бері мойындап келеді.Бүгінгі таңда антибиотиктер ең көп қолданылатын дәрі болып табылады және адамдардың көпшілігі оның қаупі туралы ойланбайды, ал антибиотиктердің жанама әсері жеткілікті - диарея, дисбиоз, антибиотикпен байланысты колит (оның ішінде псевдомембраналық және геморрагиялық колит), стоматит, бауыр қызметінің бұзылуы, интерстициальды нефриттің пайда болуы, терінің және шырышты қабықшалардың кандидозы, тері реакциялары және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет