Сурет 8. Шартәрізді бактериялар
Таяқша тәрізді бактериялар – ең кең таралған бактериялар тобы. Олар клетка көлемеіне, орналасуына, жіпшелердің кездесуіне немесе кездеспеуіне байланысты бөлінеді. Клетка ұзындығы 10-15 мкм дейін жетеді. Таяқша тәрізді бактериялардың спора түзбейтін формаларын Bacterium деп атайды (Bact. Немесе В.белгілейді).
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында спора түзетін бактерия-ларды Bacillus деп атайды (Bac. Деп белгілейді). Тізбек түзетін таяқша тәрізді бактерияларды стрептобактериялар немесе стрептобациллалар дей-ді. Таяқша тәрізді бактериялар арасында сапрофитті және патогенді (ауру туғызатын) формалар кездеседі.
Сурет 9. Таяқша тәрізді бактериялар
Спираль тәрізді бактериялар
Вибрион (Vibrio) – спиральдың бір орамының 4/1 бөлігіне немесе үті-ге ұқсас клетка.
Спирилла (Spirillum) – спиральдың бір немесе бірнеше орамына ұқсас клетка. Вибриондарға қарағанда клеткаларыірі (15-20 мкм).
Спирохета (Spirochaeta) – ұсақ, тығызспиральдың ұзын орамына ұқ-сас клеткалар. Спираль орамының саны түр белгілеудегі систематикалық кө-рсеткіш болып табылады.
Құрал-жабдықтар: Заттық және жабын шынылар,микробиологиялық ілмешек,спирт шамы, пинцет, пипетка, ашытқының таза культрасы, про-бирка, мақта, агар-агар, бокс- ламинарда зарарсызданған Петри табақшасы, сұйық сусло, дистельденген су, фильтр қағазы, метилен көгі, карбол фуксині, күкірт қышқылы, Люголь ерітіндісі, спирт.
А Б
Сурет 10. А. Бактерия пішіндері Б. Бактерия клеткасының құрылысы
а)Микрококк 1)клетка қабығы
б)Стрептококк 2)клетка мембранасы
в)Диплококк 3)цитоплазма
г)Стафилококк 4)рибосомалар
д)Таяқшалар 5)май қосындылары
е) Вибриондар 6)ядролық зат (ДНҚ жіпшелері бар нуклеотид)
ж)Спирохеттер 7)мезосомалар
Жұмыс барысы:
Бактериялардың морфологиясын зерттеу үшін табиғи материалдардан тұнба жасалынады: ет, балық, шөп, ұн, жеміс-жидектерді ұсақтап, колбаға 1 грамм бормен бірге су ерітіндісі дайындалады. Термостатта 25-280С тем-ператураға 3-5 тәулікке орналастырылып, бактериялар популяциясы өсірі-леді.
Сұйық ортадан екі препарат дайындалады: біреуі – тірі (жаншылған тамшы) препарат, екіншісі – қақталған (жұғынды) препарат.
Препараттарды микроскоппен бақылау барысында клеткалардың пішінін, бір-бірімен орналасуын, бактериялардың көлемінәр түрлі объектив-пен бақылау барысында өзгеруін анықтау қажет. Бақыланған микроорга-низмдер суреті альбомға салынуы қажет.
Ауадан бактериялардың келесі туыстарын бөліпалға болады: (Micrococcus), (Sarcina), Bacillus, Bacterium.
Стрептококкаларды анықтау үшін сүтқышқыл өнімдерін пайдалана-ды. Вибрион, спирилланы тұрып қалған сулардың, гумустан бөліп алуға болады, ал спирохетаны тіс бетіндегі қабаттан алып, қақталған препарат арқылы бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |