Saccharomycetaceae тұқымдасы сыра, шарап және спирт ашытқыларын біріктіреді. Олар мицелийсіз бірклеткалы шар немесе эллипс тәрізді формалы, бүршіктену арқылы көбейеді. Осы тұқымдасқа Saccharomyces туысы жатады.
Schizosaccharomycetaceae тұқымдасы екі топқа бөлінеді:
А) S.pombe – таяқша тәрізді (4-18мкм) қолайсыз жағдайда копуляция нәти-жесінде 4 спорасы бар қалта (аска) түзеді.
Б) S. Octosporus – цилиндр, сирек түрде шар тәрізді клеткалар (6-18 мкм).
3. Saccharomycodaceae тұқымдасы лимон тәрізді (8-34мкм) спора арқылы көбейетін ашытқылар.
Зертханалық жұмыс №5
Бактериялар жасушасының морфологиясы.
5.1 Шар тәрізді бактериялар
5.2Таяқша тәрізді бактериялар
Спираль тәрізді бактериялар
Бактерия морфологиясы. Бактериялар микроорганизмдер ішін-дегі ең кең таралған, алуан түрлі болып кездесетін топқа жатады. Бакте-риялар бір клеткалы, көлденең екіге бөлінетін ағзалар. Бактериялар пішіні-не қарай үш топқа бөлінеді: шар тәрізді, таяқша тәрізді және спираль тәріз-ді.
Шар тәрізді бактериялар. Шар тәрізді бактериялар – коккалар (Coccus), диаметрлері 0,5-1,2 мкм аралығында. Коккалардың клетка бөлінудегі жазықтық бағыты және клеткалардың орналасуы бактериялардың туыстарға бөлінуінде систематик-алық көрсеткіші болып табылады.
Микрококка тәрізділер (Micrococcus) – клеткалар әртүрлі жазықтықта бөлініп, бірден жекеленіп орналасады.
Диплококка тәрізділер (Diplococcus) – бір жвзықтықта бөлін барысын-да түзіліп, клеткалар екеуден орналасады.
Стрептококка тәрізділер (Streptococcus) – клеткалары бір жазқтықта бөліну барысында түзіліп, тізбектеліп орналасады.
Тетракокк тәрізділер (Tetracoccus) – екі перпендикулярлы жазықтықта бөлініп, 4-ден тұратын клеткалар түзеді.
Сарцина – (Sarcina) – үш перпендикулярлы жазықтықта бөлінетін кле-ткадан түзілген 8-16 клеткалы пакеттер.
Стафилококк тәрізді (Staphylococcus) – клетка әртүрлі жазықтықта бө-лініп, ретсіз орналасады.
Шар тәрізіді бактериялармен қатар сопақ (овал) немесе ланцет тәрізді клеткалар (пневмококкалар), кофе дәндеріне ұқсас гонококка, менингок-калар кездеседі. Шар тәрізді бактериялар қимылсыз, жіпшелері жоқ клет-калар, олар спора түзбейді,тек Sporosarcina ureae спора түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |