Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының



бет1/9
Дата08.02.2022
өлшемі52,75 Kb.
#118553
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-4 5-6 7-8 тусиник хат ДУРЫСЫ


Түсінік хат

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы нормативтік құқықтық актілерін пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін ескере отырып құрылған.


«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрық);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығы;
2020-2021 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді «ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығының 14-тармағында. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген №496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілді)
ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар енгізізу туралы 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығы 1 қосымша) үлгілік оқу жоспарлары;
3-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны:
«Компьютер» компьютер құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; бағдарламалық қамтамасыз ету: компьютерлік бағдарламалардың (өткізгіш, бейнелерді көруге арналған бағдарлама), бағдарламалар мәзірі, мәзір командаларын пайдалану, файлдар мен папкалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: Қауіпсіздік техникасы ережелері; «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтіндік редактордың мақсаты, Бағдарлама мәзірі, мәтінді теру және редакциялау, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтін фрагментімен операциялар жасау, символдарды қою; графика: графикалық редактордың мақсаты, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын пайдалана отырып, бейнелерді жасау, түстер палитрасы, суретті редакциялау, сурет өлшемін кесу, бұрау және өзгерту, суреттің фрагментін көшіру.; презентациялар: презентациялар жасау бағдарламасының мақсаты, Бағдарлама мәзірі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдтағы мәтін мен бейнелерді орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қою; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыстық редактордың мақсаты, дыбыстарды жазу, өңдеу және жаңғырту, дыбыстық әсерлерді қолдану; «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: веб-беттерді қарау бағдарламасының мақсаты, іздеу жүйелері, кілт сөз бойынша ақпаратты іздеу; ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері, бөлінген мәтін мен бейнені құжатқа көшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: Интернет желісіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнінің бөлімдері бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жартыжылдық соңында «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білімалушы оқу жылында сабаққа қатысумен бірге оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет