Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының



бет8/9
Дата08.02.2022
өлшемі52,75 Kb.
#118553
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-4 5-6 7-8 тусиник хат ДУРЫСЫ
Титульный для КТП
Түсінік хат

2021-2022 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15-қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14- қосымшаға сәйкес оқытылады.


Тақырыптық-күнтізбелік жоспар «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы нормативтік құқықтық актілерін пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін ескере отырып құрылған.
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрық);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығына (31 қосымша), 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрық (100 қосымша) бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен;
«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынды.
10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
Әрбір оқу бөлімінің мазмұны мен құрылымы оқушылардың жаңа білімі мен тәжірибесіне, пән бойынша өзекті мәселелерге, өз бетінше оқуға арналған теориялық ақпаратқа, практикалық дағдыларды дамытуға арналған міндеттерге негізделген. Жаңа білімді бекітуге арналған ақпаратпен және күрделілік деңгейінің өсу сипаты бар үй тапсырмаларымен толықтырылды.
Қазіргі заманғы оқу-әдістемелік үдерісінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – жүйелі түрде ақпарат алмасу, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен тәжірибе алмасу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет