Мағжан поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы талай рет оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың ілтипатын иелендіріп, өзіне тәнті еткен. Атын атауға жасқанып, бұқпантайлаған заманда да тасты жарған тас бұлақтың суындай нәрлі поэзия талай жүректі өзіне баурап, өзгеше күйге бөлегені шындық. Мағжан поэзиясының осынау құдірет күшін өз замандастары толық мойындап, кейі ашық, кейі жұмбақтап болса да жазып та, айтып та кеткен.
Мағжанның философ ақын екенін айта аламыз. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Мағжан «Толқын» өлеңінде:
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де өледі,
Өледі толқын, тынады – деп, толқынға адамша жан бітіреді.
«Толқынның да өмірі мәңгі емес, ол да өледі» деген пікір айтады. Өлеңнің ішкі сырына үңілсек толқын өлімі мәңгілікке жалғасқан өлім, жарына бал беріп, рахат тапқан өлім, ол мың қайталанып, мәңгілікке жалғасып жатар тіршілік.
Олай болса, Мағжан поэзиясы елімнің ертеңіне баруға лайықты қазынамыздың бірі деп айтуға толық негіз бар.
Біздер үшін Мағжантану мәңгіге жалғаса бермек.
Бүгінгі таңда заманымыздың басты талаптарына айналып отырған рухы биік, елжанды ұрпақ тәрбиелеу ісінде, Мағжан өлеңдерін пайдаланудың маңызы ерекше.
Мен өз жобамды Ж. Аймауытовтың ойымен қорытындылаймын. Ж. Жұмабаевтың табиғат, махаббат жайындағы өлеңдері жөнінде білгір де, терең талдаулар жасалған. “Кіршіксіз таза махаббат кім де болу керек? - деп жазады ол. – Баласын сүйген анада болу керек. Сүйген ғашық жанда болу керек. Жүректі елжіретіп, ертетін, өлгенді тірілпесе де, өткенді жандыратын өмірдің қызығы ләззаты осылар. Бұларсыз өмірдің мағынсы жоқ” Мағжан поэзиясы - тұнық тазалығымен, өміршеңдігімен, асқақ арманмен, нәзіктігімен, сұлулығымен халқымыздың аса қымбат аса асыл мұрасы.