Тақырыптың өзектілігі


Мағжан Жұмабаев және стиль мәселесі



бет5/7
Дата07.09.2023
өлшемі39,62 Kb.
#180468
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. Мағжан жұмабаев толқын жоба (автовосстановление)

Мағжан Жұмабаев және стиль мәселесі

Сөз жоқ, Мағжанның бүкіл қоғамдық, қайраткерлік және қаламгерлік қызметінің мәнді мәйегі, жанда жиынтығы, ең алдымен, оның ақындық шығармашылығынан айқын аңғарылады. Ұлттық поэзиясының өкілі халқымыздың мәденитаным түсініктері мен талғамының көкжиегін кеңейтіп, келбетін көркейтудегі орасан еңбегін атап өткен жөн.
Өзінің үзеңгілес зиялы замандастары сияқты, Мағжан Жұмабаев та Шығыс пен Батыс руханиятынан тең дәрежеде сусындап, одан танып түйгенін туған топырағының тереңіне тамыр тартқан дәстүрлі дүниетанымдық ұсыныстармен жарасымды байланыстыра білді. Осы орайдағы тынымсыз да табысты ізденістері оның поэзиялық туындыларында керемет келісім мен үрдісті үлгілерге толы құйылыс тапты. Отызыншы жылдарға қарай Мұхтар Әуезов: «Мағжан – культурасы зор ақын,» - әділ бағасын берсе, күні кеше Әбділда Тәжібаевтың: «Мағжан культурасының биіктігі бүгін де биік тұр» - деген тұжырымға тоқтауы жайдан-жай болмауы керек. Шындығында да, Мағжан Жұмабаев жырларының ә дегеннен, назар аударатын сара–сипаты оның жан-жақпен ұштасқан мәдени өрісі мен өресінде бедерленіп жатыр.
Мағжан поэзиясындағы символизмнің қалыптасуына, ең алдымен, ХІХ ғасырдың орта кезінде Ресейдің қазақ даласына отарлауды толық аяқтағаннан кейінгі озбырлық әрекеттерінің өршіп, ұлт наразылығын қоздыруы ықпал етті. Бұл қазақ зиялыларының елінің ертеңгі тағдырына алаңдаушылығын тудырды. Бірақ оны ашып айтуға империялық саясат мүмкіндік бермеді. Сондықтан ішкі қарсылығын образдап, астарлай ымдап, ишарамен, жұмбақтап жазуға мәжбүр болды [4, 34б.].
Қазақ символизмінің кульминациялық шарықтау шегі Мағжанның отты жырлары болып табылады. Мағжан тызетпе сезімнің емес, бауыры кең тұлпардай көсілетін арналы жүйеліліктің ақыны. Бұл тұрғыдан Мағжан өлеңдері де сол жүйенің кірпіші болып қаланады. Мағжан лирикасының жұлын-жотасына айналады. Сондықтан ол ұлт апатын елден ерек бұрын сезіп, өз бояуында бейнелеп беруге мүмкіндік алды. Ақиқатты ол өз уысына шеңгелдеп қан ұстап тұрып айтудан еш тайсалмайды. Сөйтіп, ақын уақыттың үніне, өзіне айналды. Сондықтан Абайдың «улы сия, долы қол» Мағжанда мүлде басқа рең алады. Ақынның жан-тән күйзелісі лирика шеңберін үзіп, ұлы трагедияға ұласқандай. Мағжанның жан түкпіріндегі жүрек сөзі боямасыз ақтық сөзі болып ақтарылады.
Мағжан поэзиясында «бала» символының қолданылу жиілігі еріксіз назар аудартады. «Өмір – дала, ақын – бала қаңғырған, Жан сусынын көз жасымен қандырған» немесе «Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылсым-ды, Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған» деп келетін жолдарда ақынның «Жұмбақ» өлеңіндегі астарлы ойдың бір ұшығы жатқан тәрізді. Тұтас символға құрылған «жұмбақ» өлеңдегі «Дала – жұмбақ, Бала – жұмбақ, Шешусіз» деген астарлы ойдың негізінде жаңа заманға тап келген «дала» бейнесіндегі қазақ пен «бала» бейнесі арқылы саяси ой берілген деуге негіз бар.
«Өмір – дала, Ақын – бала қаңғырған» деп жырлаған Мағжанның әйгілі өлеңіндегі «бала» образы-ақын болмысының символы. «Ақын – бала» бейнесі бір-бірімен тектес, болмысы жақын, егіз ұғым. «Бала»– ақыл мен сезім күресінің бейнесі.
Мағжанның «Толқын» өлеңіндегі
«Ерке бала былдырлап,
Сылдыр,сылдыр, сылдырлап,
Толқынды толқын қуады» деп келетін жұмбаққа толы жолдардағы толқынның «ерке балаға» теңелген образы да кездейсоқ емесі анық. Бала – тазалық, адалдық, асаулық пен еркеліктің символы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет