Такырып: «Ата-ана бақылауы» күн тәртібі



Дата20.12.2023
өлшемі20,46 Kb.
#197819
Байланысты:
хаттама 1


Хаттама № 1
9 "А" сыныпты ата-аналар жиналысы
2023-2024 оқу жылы
Қатысты: 5 адам
Жоқ: 9 адам


Такырып: «Ата-ана бақылауы»
күн тәртібі:

  1. 2023-2024 оқу жылының ұйымдастыру кезеңі

  2. 2023-2024 оқу жылындағы мектеп формасы

  3. Мектеп ережесімен таныстыру (оқушылар арасындағы қақтығыстар, электронды темекі тұтыну,т.б)

  4. Қауіпсіздік ережелері

  5. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру

  6. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

  7. Өгей әке, өгей ана, заңсыз неке, сенімхатпен отбасында тұратын оқушыларды бақылауға алу

  8. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” оқу мазмұны мен тәрбие үдерісіне енгізу

  9. “БИЛ” жобасының іске асырылу таныстырылымы

  10. Ағымдағы сұрақтар



1. Тыңдалды: күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Малгельдина Г.Е. презентация дайындады. Сыныптағы оқушы саны 14, 2-қыз бала, 12-ер бала.
2. Тыңдалды:күн тәртібіндегі екеінші сұрақ бойынша қыздардың мектеп формасы: пиджак, ақ блузка, жилет, белдемше, юбка, классикалық жейде (қысқы уақытта: жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар рұқсат етілмейді. Ер балалар: ақ, көк рубашка және классикалық шалбарлар. 3. Тыңдалды: күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша сынып жетекші оқушыларды мектеп ережесімен таныстырып, электронды сигареттің зияндығы туралы айтты. Бұл темекіге жастар неге қызығады? Психологтар мен педагогтардың айтуынша, электронды жасанды темекінің құтысы кішкентай ғана. Содан кейін, жағымсыз иіс шықпайды. Әдеттегі шынайы темекінің иісі қолға, адамның киіміне, деміне сіңіп қалады. Электронды темекіде ондай жағымсыз исітер жоқ. Керісінше, әртүрлі тәтті, шырынды иістер қосылып жасалады. Жастардың қызығуының бір себебін түсіндірді.
4.Тыңдалды: күн тәртібіндегі төртінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі қауіпсіздік ережелерімен атап айтсақ, жолда жүру ережесі,көшедегі өзін-өзі ұстауы жайлы сонымен қатар, өрт,пешпен жылитын үйлердегі өрт сақтау ережелері де айтылып өтті. Пештер мен мұржаларды тазалап, жөндеп, әктеп, жарылған жерлерін сылап тұру керек. Түтін жолдары мен мұржалары зақымданған және қабырғасы жарылған пештерді пайдалануға жол берілмейді. Пеш пен түтін құбырының арасын қосып тұрған орындары ағаш шатыр мен аралық жабындарына тимейтіндей етіп, қалыңдау етіліп, кірпіштен қалануы қажет.Жанған оттан шыққан күл мен шоқ сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз орынға шығарылады. Пеш қабырға сында жарылуорыналмас үшін мұржаны мезгіл-мезгілкүйе мен ыстантазартыптұрукерек. Жылу беру маусымы алдында және жылыту кезеңінде мұржаны және пешті ұдайы күлден тазалап отыру қажет, деп қысқаша айтты.
Ұсыныс:Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;
5. Тыңдалды: күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөйледі. Балалар өзара қарым-қатынас барысында:адамдардың іс-әрекеттің, ұлттық салт-дәстүрлердің жақсы жақтарын аңғара алады, шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын тұрады;сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді;әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп, көмектесе біледі, қамқорлық жасай алады, үлкендерді құрметтей біледі;өзгені ренжітпеуге тырысады, кешірімді болуға үйренеді;
Ұсыныс:Оқушылар арасындағы қақтығыстың алдын алу әңгімелерін балалармен жүргізу.
6. Тыңдалды. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету тақырыбында ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Оқушылыардың жағдай мәлелесі туралы да әңгіме қозғалды. Олармен толықтай келісіп, жауабын алдық.


7. Тыңдалды: Өгей әке, өгей ана, заңсыз неке, сенімхатпен отбасында тұратын оқушыларды бақылауға алу туралы айтылды.


8. Тыңдалды: Біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы да айтылып өтті, тәрбие құндылықтарына ар-ұят, талап, адамгершілік қасиеттерді дамыту туралы айтылды. Балалардың арасындағы сыйластықты арттыру, ұлттық мүддені қолдау, халқына адал қызмет ету туралы видео тамашалады.
9.Тыңдалды: Астана «Білім –инновация» лицейі тренерлері оқыту семинарын өткізілген кездегі жоба туралы айтылып өтті.
10..Тыңдалды: күн тәртібіндегі ағымдағы сұрақтары бойынша сынып жетекшісі сөйледі.Сынып ішіндегі тәртіп, оқушылардың бір-біріне қатынасы жайлы болса,ата-аналар тарапынан мектепте қыздар және ұлдар кеңесін құру ұсынылды.


Қаулы етті:
1.Мектеп формасындағы өзгерістер, оқу үлгерімімен жұмыс.
2.Қауіпсіздікпен танысу,балалармен жұмыстар жүргізу.
3.Оқушылар арасындағы қақтығыстың алдын алу әңгімелесу жұмыстары.
4.Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша сұрақ жауап жүргізу.
5. Мектеп қабырғасында электронды сигареттерді қолданбау жөнінде еркертулер айту.
6. Ағымдағы сұрақтар бойынша ата-аналар тарапынан мектепте қыздар және ұлдар кеңесін құру ұсынылды.
Сынып жетекшісі: Малгельдина Г.Е.
Хатшы: Саркубенова Сагила Кушкеновна



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет