Талантты және дарынды балалармен жұмыс. Талантты балалармен дарынды балалардың айырмашылығы неде?



бет3/3
Дата14.10.2022
өлшемі22,89 Kb.
#153091
1   2   3
Байланысты:
18 новые подходы

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, тарих немесе географияны оқытуда оқушыларды:
• суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға;
• негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;
• қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салыстыру және талқылауға;
• анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға болады.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:
• білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны;
• қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек.

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:


Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да болуы ықтимал).
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық көзқарастарға көңіл бөлу).
Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет