Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі
мамандандылған ауданаралық сотына
Талапкер: Наурызбаев Қасымхан Әлиханұлы, Қызылорда қаласы,Шүкіров №48
Тел:8-775-262-03-63, ЖСН:760917301010
Жауапкер: Наурызбаева Айгүл Советқызы,
Нұр-сұлтан қаласы,Сарыарқа районы,
Проспект республика, №57 үй, №53(а)пәтер
Тел:8-775-514-29-86, ЖСН: 780806401059
Т А Л А П А Р Ы З
(Баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау)
Мен,талапкер Наурызбаев Қасымхан Әлиханұлы «31-наурыз» 1998 жылдан бастап Наурызбаева Айгүл Советқызымен заңды некеде тұрдым. Осы некеден ортақ үш балаларымыз бар:31-наурыз 1998-жылы туылған Әлихан Шынар Қасымханқызы, 26- маусым 2000 жылы туылған Әлихан Заманбек Қасымханұлы және кәмелет жасқа толмаған 5-наурыз 2005 жылы туылған Әлихан Гүлнұр Қасымханқызы.
«19-қаңтар»2009 жылы Қызылорда қаласы №2 сотында некеміз бұзылды.
Екі жақтың келісімі бойынша сот 31-наурыз 1998 жылы туылған Әлихан Шынар Қасымханқызымен, 26-маусым 2000-жылы туылған Әлихан Заманбек Қасымханұлын әкесі Наурызбаев Қасымхан Әлиханұлының тәрбиесіне қалдырып, 5-наурыз 2005-жылы туылған Әлихан Гүлнұр Қасымханқызын анасы Наурызбаева Айгүл Советқызының тәрбиесіне қалдырды.
«25-маусым» 2013-жылы Наурызбаева Айгүл Советқызы 5-наурыз 2005-жылы туылған Әлихан Гүлнұр Қасымханқызын материалдық жағдайына байланысты 3 жылға сенімхатпен Наурызбаева Райхан Мырзасейтқызына яғни менің анамның тәрбиесіне берді. 2013 жылдан бері Әлихан Гүлнұр Қасымханқызы менің тәрбиемде өсіп келеді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 73 бабы 2 тармағының талаптарына сәйкес, осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып,
С Ұ Р А Й М Ы Н
Кәмелетке толмаған 5-наурыз 2005-жылы туылған Әлихан Гүлнұр Қасымханқызын менімен, яғни әкесі Наурызбаев Қасымхан Әлиханұлымен бірге Қызылорда қаласы,Шүкіров№48 де тұруды.Нұр-сұлтан қаласында тұратын анасы Наурызбаева Айгүл Советқызы тарапынан қарсылық жоқ.
Күні Қолы
Достарыңызбен бөлісу: |