Талапкерлер үшін 5В040600 «Режиссура» мамандығы «Хореография режиссурасы» мамандандыруы бойынша шығармашылық емтихандарға қойылатын талаптар
Талапкердің хореографиялық өнер бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы тиіс.
Талапкерде болуы тиіс:
Тиісті анатомиялық табиғи қабілеттер (сау физикалық аппарат);
Тиісті психофизикалық қабілеттер (табиғи музыкалық қабілеті, ырғақтылығы, бұлшық ет жады, шығармашылық қиялы, мықты жүйке жүйесі);
Физикалық кондициялар (төзімділік, сүйек-бұлшық ет аппараты патологияларының болмауы, ішкі органдарының сау болуы (жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан және т.б.);
Шығармашылық қиял және музыкалық ойлау;
Шығармашылық әлеует;
Би өнерінің кез келген бағыттарының бір саласында базалық білім (классикалық би, халық-сахналық би, қазақ биі, заманауи би);
Балет, театр, әдебиет және бейнелеу өнері тарихы саласында білімі болуы, әйгілі балетмейстерлерді, мәдениет және қайраткерлерін білуі. Музыка теориясы туралы қарапайым білімінің болуы.
Талапкер білуі және меңгеруі тиіс:
- ойдан шығару дағдыларын – би комбинацияларын ойдан шығару принциптерін және дәстүрлі хореографиялық тілде бидің қарапайым формаларын;
- хореографиялық өнер саласында теориялық білімді.
Талапкер педагогтың тапсырмасы бойынша би қозғалыстарын қайталай білуі тиіс; білдекте және зал ортасында экзерсис қозғалыстарын, аllegro білуі, орындау техникасы мен әдістемесін меңгеруі, қозғалыстарға музыкалық талдама өткізе білуі тиіс. Талапкер билеу техникасын, сезімдігін, әртістігін және музыкалық орындаушылығын көрсетуі тиіс.
Әңгімелесу
Алдын ала әңгімелесу нәтижелері бойынша талапкер Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыруға «рұқсат» алады.
Талапкер өзінің хореографиялық өнер, әдебиет, музыка және сурет өнері саласындағы зияткерлік деңгейін, мәдени ой-өрісін көрсетуі тиіс. Талапкер консультация күні классикалық, халық-сахналық, қазақ биі, сондай-ақ оқу мысалдарын немесе би фрагментін ойдан шығару бойынша қажетті ақпаратты алады. Арнайы пәндер бойынша консультацияларға бару міндетті.
Шығармашылық емтихандардың үлгі бағдарламасы
5В040600 «Режиссура» мамандығына түсу кезіндегі шығармашылық емтихандар талапкерлердің балетмейстерлік іске бейімділігін, сондай-ақ талапкерлердің шығармашылық қабілетінің болуын және шығармашылық бағыттағы кәсіпті меңгеруге арналған жеке алғышарттарды анықтауға бағытталған. Емтихан үрдісінде талапкерлердің шығармашылық мүмкіндіктері тексеріледі.
Шығармашылық емтихандар:
Орындаушылық өнері:
1. Классикалық би – білдекте және зал ортасындағы экзерсис, аллегро;
2. Халық-сахналық би - білдекте және зал ортасындағы экзерсис, би этюді;
3. Қазақ биі – би этюді.
Балетмейстер өнері:
1. Либретто (жазбаша түрде);
2. Бір жеке нөмір және бір көпшілік нөмір (3,4 және одан да көп орындаушы);
3. Тапсырылған музыкаға би композициясын ойлап шығару.
Киім түрі: хореография сабақтарына арналған кәсіптік сахналық аяқ киім (жұмсақ классикалық аяқ киім, қатты халық-сахналық аяқ киім).
Қыздар үшін: шомылу киімі, трико және белдемше, жинақы жиналған шаш.
Жігіттер үшін: футболка және трико (классикалық би), футболка және денені қысып тұратын шалбар (халық-сахналық би).
Талаптар:
Талапкерлер классикалық, халық-сахналық, қазақ биі экзерсисін орындау білімі мен дағдыларын көрсетуі тиіс. Сауаттылығы, орындаушылық шеберлігі, музыкалық қабілеті, мәнерлілігі бағаланады. Жеке шығармасын көрсетуде шығармашылық қиялы, образдық ойлауы және музыкалық қабілеті ескеріледі.
Либретто хореографиялық шығарманың түпкі ойына сәйкес келуі тиіс. Суырып салмалықта музыкалық пайымдаушылығы және оның хореографиялық пластикада, би лексикасында нақты түрде көрсетуі бағаланады.
7 жыл 10 ай көлемінде толық техникалық-кәсіптік білім бар талапкерлерге басымдылық беріледі.
Кәсіптік балет ұжымында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесін құптаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |