Кеңес үкіметінің зобалаң саясаты
1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанда жүргізілген саясаттың зорлығы мен зомбылығына, қуғыны мен сүргініне, асыра сілтеу зобалаңдарына қарсы 372 жерде халықтың ашық түрдегі ереуілді қарсылықтары мен қарулы көтерілістері болыпты. Сол жылдары көтерілісшілер үкімет адамдарына, кеңес, партия белсенділеріне қарсы 460 қастандық актлерін жасаған, 127 рет колхоз мүліктерін өртеген.
1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанда болған халықтық бас көтерулер мен қарулы көтерілістерге 80 мыңнан астам адам қатынасыпты. Жоғарыда айтылған 372 жерде болған халықтың ашық түрдегі ереуілді қарсылықтары мен қарулы көтерілістерінің ішіндегі ең ауқымдыларының бірі – Қарақұм наразылығы болды.
1930 жылы 25-ші наурызында 900 ден астам көтерілісшілерді біріктірген «Қарақұм наразылығы» бас көтерді. Бұл да зорлық пен зомбылыққа қарсы бас көтерген шаруалардың азаттық көтерілісі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |