«Серпілген сауал» Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
«Синквейн» 1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).
2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).
3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).
4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
«Синектика» Ой қозғаудың жетілдірілген түрі. Егер ой қозғауда идеяларды топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған оқушылар келтіретін болса, синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс жасап жүрген оқушылар) талқылап, қорытындылайды. Мұнда проблема құрастыру жұмысы бірнеше кезеңдерден өтеді: идеялар туындаудан- сараптауға қарай, сараптаудан қайтадан идеяларды келтіруге қарай.
Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңгейге жеткізу.
«Смайликтер» Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.