«Орынсыз жауаптар» Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы:
«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен түстеніп алғанмын»
«Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі оқығанды ұнатамын»
Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.
«Өзгертулерді тап!» Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:
Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.
Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз.