«Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест» Ағылшын психологі Пип Уилсон ойлап тапқан жылдам әрі жеңіл тест өте қысқа уақыт ішінде адамның эмоционалдық көңіл-күйін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өмірден күтетін нәтижесінің қазіргі жағдаймен сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұсынылған сурет тақтаға ілінеді. Оқушыларға тапсырма: ағаштың қай жеріне өзіңді орналастырар едің? Өзіңді ағаштың қай жерінде сезінесің? Ағашта отырған әрбір адамның өзіне ғана тән көңіл-күйі мен ішкі жан дүниесі бар, оны бет әлпетінен ажыратуға болады. Қайсысы саған ұқсайды? Өзіңе ұқсаған адамды қарындашпен белгілеңдер.