«Жұппен жұмыс» Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды
естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге,
басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде
балалар өз серігін өзі таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен
қарым-қатынасқа жасауға үйренеді.
«Жұптасып сурет салу» Екі оқушы бір қағазға сурет салулары керек. Бірақ не салып
жатқанын бір-біріне айтпайды, жұмыс барысында сөйлеспейді.
Рефлексия: Сурет салып болғаннан кейінгі көңіл күйді білу.
Ойында не ұнамады, не ұнады? Ойын барысында қандай қиындық
кездесті? Нені жеңе алдыңдар?
«Жүз теңге» Әр жұпқа 100 теңге беріледі. Олар 5 минут ішінде бір-біріне
күш көрсетпей, ақшаны біреуіне қалдыруға шешім шығаруы керек. Ал
пікірталастыра отырып ақша кімде қалатынын шеше алмаса, кері
қайтарып береді.
Уақыт аяқталған соң әр жұп неге жүз теңге сол ойыншыда
қалғанын баяндайды. Әділ шешім марапатталады.