Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі
Әдістер ҚОЙМАСЫ
«Қашықтықтан басқару» Оқушыларды кінәмшіл, эмоционалды немесе қайшы келетін тақырыптардан қашықтықта ұстау үшін әңгіме, драма, рольдік ойынды және т.б. қолданыңыз. Мысалы, жоғалту (айрылу) кезіндегі сезімдерін ашық талқылауды сұрағанның орнына, одан да жоғалтқан жас жігіт атынан айтылған әңгімені қолдануға болады, сосын оқушылардан оның не сезінгенін талқылауды сұрауға болады. «Қолыңды төмен ұста» Оқушыларға жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін қол көтеруге рұқсат беретініңізді айтыңыз. Одан кейін мұғалім жауап беретін оқушыны таңдайды, осылайша, барлығы оқитынын тексереді. «Қорқынышты-керемет сурет» Қатысушыларға бір парақ қағаз бен бір фломастерден таратылады. Алдымен «керемет сурет» салу тапсырылады. Содан соң оң жағындағы оқушыға беріп осы бейнені 30 секундта «қорқынышты суретке» айналдыру тапсырылады. Ал келесі орындаушы мұны «керемет» суретке айналдырады. Шеңберді айналып, сурет иесіне қайтып келеді де, жаттығу талқыланады. «Қос шеңбердегі комплименттер» Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен комплименттермен алмасады. жүктеу/скачать 1,96 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |