«Елбасы мен елрода - егіз ұғым»
Мақсаты:
а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Елбасы суреттері, жүрек шар, сандар.
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
І. Мұғалімнің сөзі:
Мұғалім:
1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақжолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Алдымен келесі сұрақтардың жауаптарын тауып көрейікші!
Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізгетынышөмірсыйлаған,
Жасай берсін , Нұрсұлтан Назарбаев!
|
ІІ. «Сандар сөйлейді»
6 9 1989 1990 1991 3 1
30 26 2011 97,7 44
6 – 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
9 – 9 жыл. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1989 – 1989-1991 жылдары Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы.
1990 – 1990 жылдың сәуірінен — Қазақстан Республикасының президенті.
1991 – 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.
3 – 3 қызы бар. Дариға – саясатғылымдарының докторы, Динара – Н.Ә.Назарбаеватындағы білімді қолдау қорын басқарады, Әлия – бизнеспен айналысады.
1 - Бірінші президент күні.
ІІІ. Президент өмірбаянынан мағлұмат.
Мұғалімніңсөзі: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағыШамалған ауылындтуған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, ҚазақстанРеспубликасының елбасына дейін көтерілген. Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірденқолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі ескеалғандай, өсірген аз-маз өнімдерінсатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтарменУкраинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұнда шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол ҚазақстанҮкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген іс-шаралар атқарылыпжатыр.Соның бірі «Елбасыжолы» фильмы туралы. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауы мен экранға былтыр шықты. «Темір тау» және «Оттыөзен» атты бөлімдері қазір қатар түсіріліп жатыр.
(видео көрсету)
Мұғалім:
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
Ел тірегі- қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұраға!
ІҮ. Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.
Балалар қағаздың артында Елбасымыздың нақыл сөздері жазылған.
Бір-бірлеп алып мағынасын түсіндіреміз.
«Жақсыдан бақ қалады»
«Білімдідамытаалмайтынелдің болашағы жоқ»
«Тәрбиеошағы – мектеп»
«Қазаққазақпенқазақшасөйлессін»
«Бiзүйренетінұлттанүйреттетінұлтқаайналуымызкерек»
«Ұлтболашағыбілімдіұрпаққолында»
Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сарыарқаәні», Музарт тобы орындайтын «Үшқоңыр» әні, Бекболат Тлеухан орындаған «Елім менің» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әні.
(Әндерді тыңдату.)
Мұғалім
Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.
Мұғалім
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Ү.Шынжүректен
- Балалар, 1-желтоқсан «Президент күні» болып қабылданды. Қазір тақтаға шығып, жүрекшарды қолымызға алып, Елбасымызға шын жүректен лебізімізді білдіреміз.
Мұғалім:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ал арманы өрілген.
Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен!
ҮІ. Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бірмүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2.Егер мен президент болсам ?
Мұғалімнің сөзі: Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмірсүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іскеа сырудың біз қолжеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңызүшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктер іашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.
|