«Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы» (2)



бет85/94
Дата08.02.2022
өлшемі432,13 Kb.
#98787
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94
Байланысты:
acbcd762-3e56-11e4-8251-f6d299da70eeТамақ өнімдері өндірісі-ң тех-сы

Таңқурай (малина). Біздің елімізде бақшалық және жабайы таңқурай кең тараған. Бақшалық таңқурай құрамында 9% дейін қант, шамамен 2 % органикалық қышқылдар, пектин заттары мен витаминдер (С, Bl, B2, B6, РР, I., каротин) бар. Таңқурайды балғын түрінде де, сонымен қатар тосап, желе, пастила жасауда қолданылалы. Кепкен таңқурай және оның тосабы суық тиіп ауырғанда ем.
Кең тараған сорттары: Награда, Рубин, Усанка, Прогресс және т.б. Жидектер таза, балғын, піскен, бір помологиялық сортты, зақымданусыз болу керек.
Бүлдірген (земляника). Бақшалық бүлдірген ерте піседі және ерекше дәм мен хош иіске ие. Бүлдірген жидектерінде 7,2% қант, 1,3% дейін органикалық қышқылдар, ароматты заттар, темір тұздары, С витамині бар. Оларды балғын түрінде, емдік мақсатта (қан аздықта, подаграда) қолданады және өңдейді.
Кең тараған сорттары: Фестивальная, Заря, Зенга, Зенгана, Рощинская, Виктория, Рубиновая, Муго және т.б.
Құлпынай (клубника). Құлпынай жидектері ұзынша конус формалы, қою күлгін түсті. Олар земляника жидектеріне қарағанда майда, бірақ өте жағымды ароматқа ие.
Жабайы жидектерге: мүкжидек, ит бүлдірген, бүлдірген, қара жидек (черника), морошка, голубика, облепиха және т.б. жатады. Бұл жидектерден негізінен кисель, морс, сироп, тосап дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет