Тандамалы



бет23/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы

Л. Толстой.
Жер, қасиетті жер! Әр халықтың паналап, тіршілік ететін қасиетті мекені, екінші сөзбен айтқанда, Отаны! Аң екеш аң да інін, кұс екеш құс та ұясын баскаға кимайды, оны жан аямай қорғайды, оларға жем ұсынып та, алдап емексітіп ала алмайсың. Өйткені ін де, ұя да олардың жері - Отаны. Мал асылы жылқыны да қанша алысқа алып кетсең де, босап кетсе, сол өскен жерін аңсап кашады, өзі өсіп, өзі жайылған жерін басқа жерге айырбастағысы келмейді.
Кешегі ¥лы Отан соғысына қатысып, оққа ұшып, жанын тапсырар алдында туған жерін аузына алып, ыңыранып жатқандарды талай көргенбіз. Еліне аман оралғандар туған жерін көріп, алдынан шыққан жақындарынан бұрын жата қалып, туған жерінің топырағын иіскеп, егіліп жылағандарды да естігенбіз. Мен де майданнан кыста кайтып туған жеріме келгенде, жер топырағы қалың қар астында жатқандықтан, үстіндегі қарын қомағайлана асап, жата кеткенім есімде. Туған жерлері азат етіліп, партизан біздермен қосылғанда украин ұлдары жата қалып жерін аймалап жылағандарын да көргенбіз.
Заманымыздың ұлы акыны Қасым Аманжолов жерін атап:
Сенде туып, сенде өсіп, сенде өлсем,
Арманым жоқ бүл дүниеде дер едім! -
Деп, домбырасымен егіліп жылағанын да көргенмін. Осы Касиетті жерді сату деген не сұмдық! Жерді сату - Отан орнын сату деген сөз.




Марқүм үлкен ақынымыз Оспанхан Әубәкіров: “Жарық дүниеде жер сатылып жатыр дейді. Олар мен жатқан жерді де сатып, менің сүйегімді де сүйресе, қайда апарар екен?” депті. Әзіл-сұқбат болса да ақынның ойы дүрыс.
Осы Жоғарғы Кеңес сессиясын кезінде жаны да таза, ары да таза халық қалаулысы - депутат Шерхан Мұртаза “жерді сатуға болмайды” деген ұсынысын жан дауысын шығара депутаттар алдына тартып еді. Амал не, өкінішке орай, қолдау жеткілікті болмады, өкінішті-ақ.
О, ағайын, жер өзіміз қолымыздан өсірген мал емес, қолымызбен жасаған бұйым емес қой! Жер - өзімізді дүниеге әкелген анамыз, өзіміз бауырында жүрген баспанамыз. Отан сату деген - өзіңді тапқан ананды сату ғой!
Бұл заманда сатылмайтын нәрсе қалмағаны рас. Аға ұрпақтың мандай тер, табан етімен жасалған байлықтарын жанталасып сатып, онды-солды шашып, талап жатыр. Барлығын сатсаңдар да жерді сатпандар, құдайдан қорқыңдар дер едім мен. Ұрпаққа еш нәрсе қалдырмасандар да, олар басып жүретін жерді қалдырыңдар! Оларға жерді қиыңдар! Халық қалаулыларына алдын ала ескертіп айтарым осы.
“Россия -ұлан-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ. Артымызда - Москва!” Бұл - политрук Клочковтың эйгілі ұраны. “Е, бергеніне шүкір, қазақтың жері кең ғой, шіркін бәрімізге жетеді”. Бұл - ауыл қарияларының пікірі. “Кеңбайтақ Қазақстанда”, “Қазақта не көп - жер көп, не тар - пейіл тар...” Бұл - мерзімдік басылымдарда жиі қолданылыгі жүрген тіркестер.
Ғарышқа самғап ұшқан космонавтар айтады: “Жер дегеніңіз - кіп-кішкене, жаңғақтай ғана көгілдір планета” деп. Қазақ қасиетті аққудың ақүрпек балапанын көгілдір деп атайды, ендеше титімдей жеріміздің де қасиетті екенінде шек жоқ. Құдіреті күшті Жаратқан ба, әлде жаны жомарт Табиғат- ана ма, әйтеуір белгісіз тылсым күш жаратқан, бүкіл әлемдік Кеңістікте тозаң құрлы көрінбес планетаның географиялық азғантай бөлігін мекендеген қазақ халқының жерін ”кө-ө-п” деп күмпюіміз мейманасы тасқандық емес, парықсыздық. Мәселенің мэнісіне бойламайтын, жазғанының байыбына өресі жетпес адам ғана өз жерін көпсінер, эйтпесе Алтай мен Атырау, Сыр мен Ертіс арасын алып жатқан Дешті-Қыпшақ бір қарағанда ғана салқар сахара көрінбек: болмаса тұзы - тозаң, суы - у Арал маңы, бағы тайған Семей жэне басқа полигондар, бедірейген Бетпақ, тырбық таспа да өспейтін қызыл қия, жалаңаш тау,




жүргеннің шыбығын шытынатар кейбір шөл мен суын ауызға алуға болмайтын зэһар көлдер, кесепат сорлар (көбі адам колынан жасалған кылмыс) қай әжетке жарар дейсіз: болмаса маңындағы шүйгінді іскектеген адал малдың тісі сояуға, өзі кұбыжыққа айналар химия зауыттары, темір тозаңы мен ауыр металды түтін қылып көкжиекке сіңірген алып металлургия- лық комбинаттар аймағын да енді есептен шығаруға тура келмек. Жоқ, қазақта жер көп емес, жетімсіз!
Иэ, Тэңірі ие жаратқан қазақ даласында иен жатқан жер жоқ, өйткені жаратылыстың өзі де қасиетті, эйтсе де шүйгіні шашадан, түгін тартсаң май шыққан, терте қадасаң арба, шыбық қадасаң шынар өсетін шүрайлы да қүнарлы өлке соншалықты көп деу теріс. Саусақпен санарлық. Ал саны мол, сапасы жоқтың алдамшы эсері ғана болмаса, көзге қуанышы, көңілге қимастығы кем.
Классикалық үлгідегі капиталистік қоғамда жер дегеніміздің өзі товар: ол сатылады жэне сатып алынады. Жуырда ғана қабылданған Ата заңымызда жердің сатылмайтындығы айқындалмай қалды, ал заңға қайшы келмейтін істі өмірде атқаруға, жүзеге асыруға болар кұқықтық мемлекеттің алғы шарты. Әлбетте. Жер туралы Заңымызда (конституциялық) жердің сатылмайтыны айтылып, алайда белгілі жэне ұзақ мерзімге жалға берілуі мүмкін екендігі көрініс тапқан. “Апам менен өткен сорақы” демекші, жерді белгілі мерзімге ғана алған адам оны барынша тонайтыны, жаны ашымайтыны бесенеден белгілі, яки неғұрлым көп пайда табуды көздеп, аз ғана шұрайлы жерлердің бар сөлін, құнарын сығып алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабында: “Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байлық мемлекеттік меншікте болатыны” айқын белгіленген, алайда меншік түріне де шек қойылмайтыны да Ата Заңымызда көрініс тауып отыр, яки қазіргі таңда жаппай жүргізіліп жатқан жекешелендірудің тасасынан бой көрсеткен сансыз проблемалар күн өткен сайын молая түспек. Өткен жылдың аяғына қарай республика бойынша 354 ауыл шаруашылык кэсіпорындары жекешелендіріліп, осылардың негізінде 589 ұжымдық кәсіпорын, 105 ауыл шаруашылық кооператив!, 359 шағын кәсіпорын, 693 шаруа қожалығы үйымдастырылып, жұрт мұндай кұрылымдардың республика экономикасына, эсіресе ауыл шаруашылығына жаңа серпіліс экелеріне сенгендей де болған, өкінішке орай, үміт ақталмаған іспетті. Өткен жылғы осындай көрсеткішпен салыстырғанда,




биылғы каңтар айында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу 90 проценттен әзер асты: мал мен кұс (тірілей салмағы - 83, сүт - 92, жүмыртқа өткізу - 99,7 процентке ғана ілдебайлап жетті. Республикамыздағы 9.511 мың мүйізді ірі қара, 34,2 миллион кой мен ешкі, 2.573 мың шошқа, 1.688 мың жылқының саны күн өткен сайын кеміп, кей облыстарда 9-10 процентке кері кұлдыраған.
Иә,жекешелендіруге,мемлекеттікмонополизмніңтамырына балта шабуға тиісті түрлі құрылымдардың өмірге жолдама алуына, өміршең болуына ешкім де “кет эрі” емес, бірак бүгінгі адамдар жерді болашак ұрпак несібесінен карызға алатыны жадымыздан шыкпауға керек. Осы орайда газетімізде (“ҚӘ”, №7, 12 ақпан, 1993 ж.) “Окшау ойлар” айдарымен жарияланған белгілі жазушы, каһарман партизан Қасым Қайсенов ағамыздың “Жер-Анамызды сатамыз ба?..” деген жан айкайы күпті көңіл көпшіліктің көкейіндегі ең басты сауал, киын түйін.
“Ұрпакка еш нәрсе калдырмасандар да олар басып жүретін жерді қалдырыңдар! Оларға жерді қиыңдар” деп, жалбарынғандай болды жаужүрек ағамыз шыр-пыры шыға.
Жер - ұлттық байлық, оны талан-таражға салуға болмайды, дегенмен осынау киын мәселе жер-жерде, колхоз-совхоз, ауылдарда калай шешілуде? Қабылданған зандарымыз өмірде өз қызметін атқара алуда ма?
ОРАЛХАННЫҢ ОРНЫ ТОЛАР МА...
Оралхан өзі туған табиғатына ұксас еді. Алтайдың асқақ, оның ок жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан қүлап ақкан өзендеріндей тасқын еді. Тауларынын сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш- өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жүлдыз еді. Қайда ағып түстін карағым?! Жүлдыз акса да, ол сөнер ме, сөнеді дегенге бауырлас жүрек сенер ме!
Оралхан сенің бергеніңнен берерің, алғаныңнан алмағаның көп еді, неге асығып кеттің, аяулым?! Ағаларыңның кэрі жүрегін егілтіп, інілеріңнің көз жасын көл қылып төгілтіп кеттің, Оралхан!
Топырағың торқа болсын!
Хош!


КӨЗ АЛДЫМНАН ТӨЛЕЕВ КЕТПЕЙ ҚОЙДЫ...”




Мактаралдық Әбдіхалық Тегісбаевтьщ Амангелді Төлеев жөніндегі жыр жолдарын оқи отырып, ардагер аға Қасым Қайсеновтің ойда-жоқта Төлеевпен кездесуі жайындағы эңгімесін оқырман назарына ұсынғанымыз жөн-ау деген ойға келді.
“Халық кеңесі” газетінің (3.03.95) тілшісі Жанболат Аупбаев партизан-жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновпен сұхбаттаса отырып, орайы келгенде былай дейді:

  • Ең соңғы сауал... Менің байқауымша, сіздің өміріңіз ылғи да кездейсоқ жәйттер мен күтпеген оқиғалардан тұратын сияқты. Бұл қалай?

  • Соған өзім де таң қаламын, қарағым. Жас кезімдегі жағдайларды ғой кітаптарымнан жақсы білесің. Ал енді қартайдым, кездейсоқ жәйттердің ауылы менен алыстаған шығар дейін десем, олар тағы да алдымнан шыға береді... Күлме маған... 1993 жылдың күзінде мынадай оқиғаға ұшырағаным бар. Үйде жатыр едім, Шығыс Қазақстан облысы келіп кетсін деп сәлем айтыпты. Бардым. Елден айналайын, хан көтеріп қарсы алды. Қайтарымда облыстық экімшіліктің жігіттері иіліп төсек, жазылып жастық болып, самолетке де өздері мінгізіп жібермесі бар ма?. Алаңдамаңыз. Жеңгейге хабарлап айттық. Енді екі жарым сағаттан кейін Алматыдағы үйіңізде боласыз” деді олар қоштасып жатып. “Рахмет, айналайындар!” деймін риза көңілмен. Сөйтіп әуеге көтерілейік. Самолет ұшып келеді, ұшып келеді, бірақ Алматы көрінбейді. Қалғып кетіп оянсам, түн... Бөтен аэропорт. “Қай жер?” деп сұраймын аң-таң болып. “Кемерово каласы” дейді стюардесса. Сонда ғана барып облыстық экімшілік жігіттерінің шатасқанын, Алматы деп Кемеровоның көлігіне мінгізіп жібергенін түсіндім. Өкінгеннен, ренжігеннен не пайда, эрекет етуге көштім. Қайыра билет алып, Өскеменге кайта ұшайын десем, кассадағылар: “Осы таяуда бізде Ресейдің жаңа рублі шыққан. Мына сабан ақшаңызды алмаймыз” деп жолатпайды. Қонақүйге барайын, тамақ ішейін десем де осындай кедергі. Таң атқан соң, бұрын өзін көрмеген, білмеген, бірақ аты сырттай таныс Амангелді Төлеев есіме түсті. “Облыстық Кеңестің төрағасы ғой. Ақшамды ауыстырып беруге көмектесер” деп ойладым ішімнен. Сөйттім де оған сол аэропорттан телефон соқтым. “Мен сізді білемін. Ешқандай козғалмай, сол орныңызда тұрыңыз. Қазір көмекшімді




жіберемін” деді ескі танысымдай аңқылдап тіл каткан ол. “Жау жерінде бір үйің болсын” деген рас-ау. Амангелді Ғұмарұлы Ельциннің пәрменімен Кеңестердің тарап жаткан үстіне келгеніме, жағдайының шаткаяктап тұрғанына қарамастан. мені өте жаксы қабылдады. “Бүгін бұл жақтан Қазақстанға самолет ұшпайды. Ертең кайтыңыз. Көмекшім сізді қонакүйге де орналастырады, билет те эпереді. Еш нэрсеге аландамаңыз” деді ол жігерлі үнмен. Сөйтті де мұндағы саяси-әлеуметтік ахуалдың қиын екенін, отбасына қастандық жасалғанын, қарапайым өзін халықтың жаксы көретінін, таяуда жаңа кітабының шыкканын баяндап өтті. “Жағдай бұлай болса, елге, Қазақстанға кайтпайсың ба, айналайын?” дедім мен оны жоғарыдағы айткан әңгімелерінен кейін аяп кетіп. “Жок. Бармаймын, - деді ол. - Біріншіден, Қазақстанға менің еңбегім сіңген жоқ. Не деп барамын? Екіншіден, киындык туғанда саяси баспана сұрағандай боп, төменшіктеп бару тағы жараспайды. Ол маған - өліммен тең. Үшіншіден, мұндағы калың бұқараның мен дегенде жаны басқа. Жақсы көреді. Сыйлайды. Кетпе. Шыда дейді. Сенімнен артык не бар? Демек енді не көрсем де, осылармен бірге көрмекпін”.
Ертесінде мен Өскеменге аттандым. Содан кашан Алматыға жетер-жеткенше көз алдымнан сонау Сібір жерінде жүрген Амангелді Төлеев кетпей койды. Онымен мені кездестірген кездейсоктык па? Жоқ. Дэм-тұз, тағдыр шығар, бэлкім.


РАХАҢНЫҢ РУХЫ - АСҚАҚ!
¥лы Отан соғысы жылдары ұсақ ұлт батырлары импе- риялық көзқарасқа ұшырағаны шындық. Барлық бүркеншік жайларды тізбелемей-ақ, Б. Момышұлы мен Р. Қошқарбаевқа тұсау болған жайларды айтсак та, қалғаны түсінікті болар. Ол екеуі арамызда тірі жүрген кезде өкініш жеңілдеу еді. Екеуі де ерен ерліктерінің белгісін көре алмай көз жұмды. Көп жылдар өткен соң, Елбасымыз батырлардың батыры Баукеңе империя басшыларымен айкаска түсіп жүріп батыр атағын алып беріп, хас батыр ағасының аруағын риза ғып, халқын да зор куанышка бөлеп еді. Жарты ғасыр өтсе де, бүркеуде, таптауда жатқан әділеттің темір құрсауын үзіп, Елбасымыз менің де кеудеме Алтын Жұлдызды жаркырата қадап еді. Оған партизандык ақ алғысымды айттым мен. Бірақ Баукең мен Рақымжанды о




дүниеге өзім аттандырып, соңдарында калып, “тірі тіршілігін істейдінің” кебін келтіріп, оларға тиесілі батырлық сыбағасын өзім тартып алғандай күн кештім. Арыма ақау түскендей сезімде жүрдім.
Бүл жылдар бір кезде Украинаның партизан генерал- дары С.А.Ковпак, А.Ф.Федоровтармен тізе косып, орман кезген қанды айкас жылдарымнан жеңіл болған жоқ. Өйткені “Отан үшін жан пида”, соғыс күнделікті ісіміз сиякты болатын. Ал соңғы ауыртпалык қабырға қайыстырар Ардың батпан жүгі еді!
Енді, міне, мың болғыр Елбасымыз Рақымжан ағасына да Жеңістен соң 54 жыл өткенде көзі тірісінде ала алмай, арманда кеткен қаһармандық атағын беріп, оның аруағын бір аунатып, халкын тағы бір куанышқа кенелтті.
Менің де іштегі күйзелісімді таркатып, екі хас батыр аруағы алдында арымды тазартып берді. Президентке мың рахмет айтып, оған Алаштың Ақ жолын тілеймін!
АҚ ОРДАНЫҢ АЙБАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет