Түйсiк –материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады.
Рецептор – бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әр түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т.б. - қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы.

Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар – иiс сезуге, фонорецепторлар дыбыстық тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.