Дәм сезу түйсiгi иiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тәттi және аùы.
Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiгiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы үлкен рөл атқарады.
Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерiтiндiсiнiң тәттi дәмiн түйсiну тұздың аз мөлшерiнiң қосындысынан күшейедi.
Дәм сезу түйсiктерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi.