«Таным» білім беру саласы бойынша жаратылыстану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі17,63 Kb.
#110133
1   2   3   4
Байланысты:
til-damytu-menin-otbasym

Ұйымдастыру-щылық

Қозғаушылық

1.Әңгіме жүргізу.

-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?

-Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ-отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы.Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары.Отбасының болуы- үлкен бақыт.Барлығымыз бірге қайталайық.

Отбасы – ол бақыт,

Отбасы – ол ата-анаң,

Отбасы – туыстарымыз,

Отбасы – ол шаңырақ.

– Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.

Олар: ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.

2. Сергіту сәті: Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңімен

орындалады.

3. Суреттпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оныңмүшелерін айтқызу.

– Мына отбасында ат, әже бар екен, балалар, тағы кім бар екен ?

– Төрде кім отыр?

– Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.

– Шайды кім құйып беріп отыр?

– Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамызбен әжеміз бар гой?

4. Үлестірмелі материялмен жұмыс. «Менің отбасым» Берілген суреттің ішінен (анасын) отбасы мүшелерін табу.

– Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сойлемейміз.

Жол береміз.

Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық корсетеміз.

5. Ойын: Кім тез табады?

Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреті корсетілген.


Балалар жауап беруге тырысады.

Балалар бірге қайталайды.

Мазмұна сәйкес қыймылдар жасайды.

Балалар бірге қайталайды.

Саусақтарды көрсетіп айтады

– Анасы, әкесі, аға, апасы бар екен.

– Отбасы мүшелері жыйналып шай ішіп отыр.

– Ата отыр.

Анасы шай құйып беріп отыр

Балалар педагогтің көмегімен бірге орындайды.

Балалар өз ойларын айтады.

Балар бірге қайталап айтады.

Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет