Танымдық процестер және тұлға психологиясы


Тақырып. Естің тұлға дамуындағы рөлі



бет2/3
Дата08.06.2018
өлшемі0,53 Mb.
#42124
1   2   3

Тақырып. Естің тұлға дамуындағы рөлі.

Ес - бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді. Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Естің (жадының) негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары - ес түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету – болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Елестету белсенді және енжар елестету болып сараланады.

Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың ауытқушылық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді. Белсенді елестету шығармащшылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі. Елестету дереу практикалық іс-әрекетте жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-қалаудағы болашақ бейнелерді жасауға, яғни армандауға саятын ерекше бір іштей қарекет нысанында болады. Арман қарекетті түрлендірудің қажетті шарты, түпкілікті орындалуы қайсыбір себептермен кейінге қалдырылған қарекеттің ынталандырушы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы елестетудің негізі — сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік елестету сызбаларды зерделеу және т.б. жағдайда қолданылады. Тұлғаның даму деңгейі көбіне оның құрылымында елестетудің қай түрі басым болуына байланысты.Егер жасөспірім жеткіншекте нақты әлеуметтік маңызы бар қарекетке жүзеге асатын шығармашылық елестету құрғақ қиялдардан басым болса, тұлғаның неғұрлым жоғары деңгейде дамуын көрсетеді. Баланың елестетуі оның қарекетінің әр алуан түрлерінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалық кезең бойынша баланың елестетуі сыртқы тіректі (ең алдымен, ойыншықты) керексінетін қарекеттен өз алдына ішкі қарекетке біртіндеп ауысады да қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шығару) және бейнелеу (сурет) шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елестету сөйлеуді меңгерумен байланысты. Демек, үлкендермен қарым-қатынас процесінде дамиды. Сөйлесу балаларға өз тәжірибесінде ешқашан болмаған заттарды елестетуіне мүмкіндік береді. Баланың сөйлесуіндегі кінәраттар, кешеуілдеу елестетуінің дамуына әсер етіп, оны азайтады. Мектепке дейінгі жаста елестету қоғамдық тәжірибені меңгерудің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ересек адамның елестету арқылы айналадағы дүниені игеруіне себептеседі. Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсені кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру олардың оқу әрекетіне дайындалуының негізгі шарты екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.



Тақырып. Қиял бейнелерді құру процесі.

Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. Қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек күралдарын ала отырып, баска еңбек операциясын жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін баска қүралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғаңа емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында, яғни дәл казір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.

Қиял екі психикалық процеспен: ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса, біз қиял туралы айтамыз.

Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалады. Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.

Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялык көңіл күйімен тығыз байданысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Демек, қиял біздің іс-әрекетімізді ретгеуде үлкен рөл атқарады.

Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының «жіктену, оның ыдырауы, қайта топтасуы жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмінің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді.



Қиял көптеген органикалық процестер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдардың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне, т.б. Қиялдың органикалық процестерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процесінің өзгеруі болып табылады. Мысалы, біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы құрал газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.

Қиялдың индивидуалды ерекшеліктері және олардын дамуы.

Қиял адамдарда әр түрлі дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың индивидуалды ерекшеліктері адамның қиялының даму деңгейі бойынша және образ типтері бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.

Қиялдың даму деңгейі өткен тәжірибенің мағлұматтары қаншалықты терең және айқын, сонымен қатар олардың жаңалығымен, осы өңдеу нәтижелерінің мәнділігімен сипатталады. Қиялдың күші мен өміршенділігі жеңіл бағаланады, егер қиялдың өнімі шындыққа сәйкес келмесе және ғажайып образдар болса, мысалы, сиқырлы ертегілердің авторларындағыдай. Қиялдын әлсіздігі көріністерді өңдеудің төмен деңгейімен сипатталады. Әлсіз қиял ойша есептерді шешуде қиындық туғызады. Қиялдың дамуы жеткілікті болмаса, эмоционалды тұрғыда өмірде бай және жан-жақты болмайды.



Адамдар қиял образдарының айқындылық деңгейі бойынша бөлінеді. Егер белгілі бір шкала бар есептесек, онда оның бір полюсінде қиял образдарынын айқындалып, өте жоғары көрсеткішті көрсететін адамдар тұрса, екінші полюсінде өте төмен көрсеткішті керсететін адамдар тұрады. Қиялдың жоғарғы даму деңгейі өнер шығармашылықпен айналысатын адамдарда, жазушыларда, суретшілерде, музыканттарда, ғалымдарда байқалады.

Тақырып. Ойлау және танымның байланысы.

      1. Ойлау және сөйлеу, оның физиологиялық негізі.

      2. Ойлау тәсілдері.

      3. Ойлау формалары.

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық процесс. Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызметің, адамның мінез-құлық бағытын белгілейді.

Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндірілді. Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекше роль атқарады.

Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл – анализ болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез болады.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция мен жалпылау.

Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді “төрт бұрыш” деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады.

Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мысалы, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, “жеміс” деген жалпы ұғымды береді.

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғары түрі – классификация. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады.

Ойлау ой операциялармен қоса ой формаларын да тұдырады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар арқылыадам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғымдар дара және жалпыболып бөлінеді. Мысалы, “Шымкент қаласы” дара ұғым болса, “кітап”, “адам” жалпы ұғым болады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет.

Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары бейнеленіп отырады.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір – бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мысалы, “Астана – Қазақстан Республикасының орталығы” десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал “Атом – заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлігі” десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бөлім болады. Олар бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мысалы, “Алматы” – логикалық бастауыш, “Қазақстан Республикасының орталығы” – логикалық баяндауыш, байланыс сөздер “деп”, “дегеніміз” т.б. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Пікірлер де шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді.

Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды щықпайды. Мысалы, “Барлық дельфиндер – жануар”, “Барлық металдар электр өткізеді” деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.

Ой қорытындыларының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, аналогиялық. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.

Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Мысалы, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ, оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап оттегі жоқ ауада “барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды” деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактілерден қорытындылар жасалады. Мысалы, Д.И. Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан.

Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мысалы, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі роль атқарады.

Модуль 2. Тұлға психологиясы.

Тақырып. Жеке тұлға басты құндылық

Мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық мәселелеріне талдау жасау.

Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға құрылымы. Тұлға құрылымынң негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік рольдер, мотивтер, бағыттылық, мінезі.Тұлғаның белсенділігі және бағыттылығы. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның әлеуметтенуі. Өмір барысында жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар. Тұлға типологиясы. Тұлға құрылымныдағы факторлық бағыт (Р.Кеттел, Н.Айзенк, Дж.Гилфорд). А.Ф.Лазурский концепциясындағы тұлға құрылы. В.И.Мясищевтің, Б.Г.Ананьевтің, С.Л.Рубинштейннің конепцияларындағы қатынас туралы көзқарастың өңделуі.

Мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді.

Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет

Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.

Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.

С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері.

Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. И.П. Подласый даму ұғымын былай түсіндіреді: “Даму дегеніміз адам организміндегі сандық және сапалық өзгерістер”. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен нанымдарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.

Идеализм өкілдері жеке адам дамуы жөніндегі пікір-сайыста бірнеше теориялық концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моральдық қатынастар биологиялық негізде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Шешендік Летурно, Ч. Ломброзо). психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мінез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді (З. Фрейд). Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, әрбір адамда тұрақты нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал екіншілері – кемірек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Торидайк).

Қазіргі кезде жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер төмендегіше:

- Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың рөлі басымдау.

- Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор. И.П. Подласый: “Тәрбие – қоғамға жеткілікті қалыптасып дамыған жеке адамды бере алатын негізгі күш” – деп баса айтады. Олай болса қоғамға қажет жеке адамды қалыптастырып, дамыту үшін тәрбие ісін дұрыс, мақсатты, ұйымдастыру керек деп ойлаймыз.

Адам дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен нәсілдік әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл үрдісте жеке адамның өз белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескеру қажет. Олай болса қазіргі күні тәрбие ісінде оқушыға, тәрбиеленушіге өзі дамушы субъект ретінде қарау аса маңызды.

Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие – сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, (өзіне бағдарланған) өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.

Танымал психолог А.В. Петровский қасиетті дәнмен теңестіреді, сондықтан оған даму қажет. Мұны Петровский бойынша түсіндірсек, топыраққа тасталған дәннен масақ өсіп шығу үшін мынандай жағдайлар қажет: ылғалдылық, қалыпты температура және т.б. Сол сияқты адамның қасиеті бар, соны дамыту үшін жағдай жасалуы қажет. Өмірде, тамаша қасиеттері бар адамдардың өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, жетістіктерге жете алмай қалғандардың мысалы жетерлік.

А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, А.З. Запорожец т.б. ғалымдар Пиаженің баланың психикалық дамуын әлеуметтік қатынастар жүйесіне біртіндеп және өте жай уақытта кіретін индивид ретінде қарастыруын сынға алған. Индивидтің қоғамнан тәуелсіз болуы мүмкін емес. Олардың пікірінше, Пиаже бала туғаннан бастап адамдар ұжымына мүше болып, қоршаған адамдармен қатынасқа түсу дерегін есепке алмаған. Жалпы Пиаже «әлеуметтендіру» үрдісін қате түсінген. Оның ойынша «әлеуметтендіру» - бала санасының басқа саналармен қарым-қатынасы, ал қоғам – қоғамдық санамен сипатталады (Францияның әлеуметтік мектептерінің көзқарасы). Сонымен қатар, бала ойлауының дамуын, баланың әлеуметтік тәжірибесін есепке алмай, объектілермен қарапайым манипуляциялау дей келе, баланың алғашқы заттық әрекеті ересектермен қарым-қатынас жағдайында (ересек адамдар заттың әлеуметтік қызметіне қарай бала әрекетін ұйымдастырады) жүзеге асатындығын ескермеген. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша баланың қоршаған заттық әлемге қатынасы үнемі қоғамды, әлеуметтендірілген. Пиаже еңбектеріндегі «бала-зат» қатынасына қарағанда, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б. көзқарастары бойынша «бала-ересек адам-зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.



Тақырып. Темпераменттің тұлға дамуындағы орны.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми сара жолға түсірді. Сөйтіп, И.П.Павловтың айтуынша, жүйке жүйесінің әрбәр типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі – ұстамсыз тип, жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін ерекше қозғалыстағы тип. Екіншісі – ширақ типтер, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен тең келіп, тез алмасып отырады. Үшіншісі - қозу мен тежелу процестері тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. И.П.Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да, аралас, көшпелі типтердің кездесетінін айтты.

Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт түрлі типі туралы ұғымы адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңызды ғылыми теория екені дәлелденді.

Темперамент жайлы ғалымдардың пікіріне тоқталсақ: темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да(шапшаң, асықпай), психиканың күші мен тереңдігінен де (өжет, сылбыр, жігерсіз), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, тұрақсыз), эмоция сезімдерінен де (сабырлы, күйгелек) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіндегі төрт түрлі сұйық затқа байланысты деген. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - сөл, құрғататын - баурдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис», латынша бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі ағзадағы осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз- көптілігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, қанның пропорциясы көп болса - сангвинник (латынша «сангиус»), ал сөл көп болса – флегматик (грекше «флегма»), ал ағзада қара өт көп болса – меланхолик (грекше «мелай-нехоле»), сары өт көп болса – холерик (грекше «холеот») темпераменті деп аталған.

Ал Рим дәрігері Гален темпераменттің санын он үшке жеткізді.Гален ағзада жылылық басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтқан.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті ағзадағы химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент ағзаның түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне, т.б. көрсеткіштерге байланысты деген пікірлер таратады.

Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алады. Неміс анатомы Гейне темпераменттің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс астрологы Н.Л.Зеланд ми қабықшаларындағы молекулярлық қозғалыстың жылдымдығы мен біркелкілігіне байланысты деген. Ал орыс педагогы П.Ф. Лесгафт темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деді.

Тақырып. Мінез тұлғалық қасиеттің бір қыры ретінде.

Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. Мысалы, мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақ көңілділігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері.

Мінез туралы ілім өзінің ішкі бастауын ежелгі Грециядан алады. Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Теофраст Афины жұртының 30 – дан астам үстем тап өкілдерінің мінез бітістерінің 30 – дан астам нашар жастарына талда жасаған (суайт, мылжың, жағымпаз т.б.) талдау жасаған. XVII ғасырда француз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500 – ден астамына сипаттама берген.

Графология ілімі (Аристотель, Гефаст т.б.) адамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады деді. Адамның жазу – сызуына қарап, оның мінез – құлқын айыру психологияда криминалистика ара – тұра қолданылады. Ал жан қуаттары қалпында тұрған кісілердің мінез бітістерін объективтік әдістерімен зерттеу қажет.

И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай – ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Мальпер, Фулье т.б. мінездің туапайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады.

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балар мекемелері, оқу, өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар т.б.) тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мысалы, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылға өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.

Мінездің қалыптасуындағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы – мінезсіздіктің белгісі.

Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт.

Мінез адамның қолы бос уақытындағы өзі қалап шұғылданған істерінен де танылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан хабардар етеді.

Мақсатқа жетуде бағыт – бағдар бірдейлігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қолайлы қайталанбас әдіс – тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі көрінеді.

Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.

Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды. Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.

Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Мінез бітісі адам қылығына ықпал ете отырып, сол қыдық - әрекет барысында қалыптасады, бекиді. Бітістердің қалыптасуын әрекет – қылық мотивтерінен айыра қарауға болады. Мотивте алғашқы да ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет