-Роддом (Перзентхана)
-Баня (Монша)
-Балабақша
-Сіз ол жерлерде негізі жиі боласыз ба?
-Ол жаққа барғанда не апарсыз өзіңізбен?
-Ол жақта не істейсің?
-Ол жаққа баруға сізді не қызықтырды?
-Ол жаққа кіммен барғанды жақсы көресіз және ең алғаш рет кіммен бардыңыз?
-Ол жаққа ең алғаш рет кіммен бардыңыз?
-Көзі көгерген
-Жыртылған шалбар/капрон
-Бұндай жағдайда жиі боласыз ба негізі?
-Бұндай жағдайда болуыңызға не себеп болды?
-Осылай жүрген өзіңізге ұнайды ма? Көңіліңізге жағады ма?
-Бұл жағдайды көрген жұрт сізге көбінесе не дейді?
Отджимание баклашкаға
Әр адамнан бір зат алу
Бүгін сенің туған күнің – төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз.
Туған күн құтты болсын!
Бірінші- ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші- адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші- тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші- қатарыңда кемелді бол.
Бесінші- берекелі, беделді бол.
Алтыншы- арыстандай айбатты бол,
Жетінші- жетектеушің иман болып,
Дініне Мұхаммедтің берікті бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды Раббым Алла қабыл етсін,
Бұрыңғы жақсылармен теңесті бол.
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.
Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Бекболат туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Көңілдерге көрік берсе думан күн,
Жүректерден ағытылар жырлар мың.
Әр адамның бақыты ғой, бақытты,
Жылына бір келетұғын туған күн.
Өмірдің әр қырынан іздер арай,
Бақыт құсы самғасын сізге қарай.
Жиырма жастың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Осындай ойын-сауық бол берсін,
Үй-іші той-думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.
Бірден жүз жасқа дейін
Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған,
Тай мініп,жабағыны ойнақтатқан.
Келген соң одан әрі – 15 жас бар,
Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.
20-да өз жүзіңді түзейсің ғой,
Шашыңды кейін қарай күзейсің ғой,
Үлгісін ағалардың көргеннен соң,
Ой-ойлап әр нәрсені жүдейсің-ғой.
30-да, 30-да үй иесі боласың-ғой,
Балаңды әлди қағып аласың-ғой,
Келген соң одан әрі – 35 жас,
Жігіттік қыдырыстан қаласың-ғой.
Бір жас бар – 40 деген – қылыш екен,
Мойныңды бір жұмысқа бұрыс екен,
Келген соң одан әрі – 45 жас,
Борышты болмағаның дұрыс екен.
Елуде ебің келмес еңкейгенмен,
Қыздарға қолың жетпес көркейгенмен.
Келген соң – 55 жас, 60 жасқа,
Шал болып ойнайсың ғой кемпірлермен.
70-те жер таянбай тұра алмайсың,
Қолыңа таяқ алмай жүре алмайсың.
Балаң мен кемпіріңе тілің өтпей,
Әңгіме көп ішінде құра алмайсың.
80-де шал боларсың селкілдеген,
Жел соқса желмен бірге үлпілдеген,
Балаң мен келініңе тілің өтпей,
Ренжісіп отырғаның кемпірменен.
90-да шал боларсың томыртқадай,
Тастаған шала мұжып омыртқадай,
Өмірден өтеріңе сенгің келмес,
Дұшпанға жазатайым бергің келмес.
Жеткенде жасың 100-ге, жаның тәтті,
Қойнына қара жердің кіргің келмес.
Достарыңызбен бөлісу: |