Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тану және нострификациялау рәсімі бойынша уәкілетті орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы аталған рәсімді атқарушы орган болып табылады.
ТАНУ ЖӘНЕ НОСТРИФИКАЦИЯЛАУ РӘСІМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
2
Нормативтік-құқықтық базасы
Қазақстан
Республикасының
«Білім туралы» заңы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 699 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық келісім-шарттардың (келісімдердің) негізінде танылады.
Халықаралық келісім-шарт (келісім) жасалмаған жағдайда азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттарын нострификациялау мен сәйкестік куәліктерін беру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте жүзеге асырылады
Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау өтініштерін қарастыру мерзімі өтінішке қатысты барлық мәліметтерді тапсырған уақыттан бастап есептегенде төрт айдан аспауы тиіс.
ТАНУ ЖӘНЕ НОСТРИФИКАЦИЯЛАУ РӘСІМІ
МЕН МЕРЗІМДЕРІ
5
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында төмендегі халықаралық келісім-шарттардың (келісімдердің) негізінде танылады:
Еуропа елдерінде жоғары білімге жататын біліктіліктерді тану туралы конвенция (Лиссабон, 1997 ж. 11 сәуір)
«ТМД елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы» 1992 ж. 15 мамырдағы келісім
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының «Әскери ынтымақтастық туралы» 1994 ж. 28 наурыздағы келісім-шарты
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттардың сәйкестігін өзара тану туралы келісім (Мәскеу қ., 1998 ж. 24 қараша, 2002 ж. 26 ақпанда өзгерістер енгізілген)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркменстан Үкіметінің арасындағы білім туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттардың сәйкестігін өзара тану туралы келісім (Астана қ., 2001 ж. 5 шілде)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы білім туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттардың сәйкестігін өзара тану туралы келісім (Астана қ., 2001 ж. 26 желтоқсан)
Орта (жалпы) білім, бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім туралы құжаттардың сәйкестігін өзара тану туралы келісім (ТМД, Астана қ.,2004 ж. 15 қыркүйек)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметінің 2006 ж. 14 желтоқсандағы білім туралы және ғылыми дәрежелер туралы құжаттардың сәйкестігін өзара тану туралы келісімі.
ТАНУ РӘСІМІ
ҚЫЗМЕТ АҚЫСЫ
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құны кеткен шығыстарды ескере отырып анықталады және уәкілетті органмен келісе отырып орталық директорымен бекітіледі.
Қызметтер құны:
1. Негізгі орта және жалпы орта білімді тану – 10250 теңге
2. Техникалық және кәсіптік білімді тану – 13250 теңге
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді тану – 18020 теңге
4. Негізгі орта және жалпы орта білімді нострификациялау – 12120 теңге
5. Техникалық және кәсіптік білімді нострификациялау – 20390 теңге
6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді нострификациялау– 26300 теңге
7. Куәліктің дубликатын дайындау – 5760 теңге
Төлеу тәсілі қызметтер құнының тізіміне сәйкес – аударым бойынша. Банк реквизиттері: ҚР БҒМ «БП және АҰ» РМК БСН 050640004360 ЖСК KZ117998ВТВ0000002884 «Цеснабанк» АҚ-ның астаналық филиалы БСK TSES KZ KA Кбе 16 Түбіртек нысанын төлем қабылдайтын банк бекітеді.
2) Білім туралы құжат және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);
3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.
Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.
7
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);
6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредитеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;