«тапқыр достар» интеллектуалдық сайысы



Дата08.06.2018
өлшемі34,82 Kb.
#41449
«ТАПҚЫР ДОСТАР» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты:
Оқушылардың нақты пәндер бойынша ой-өрісін, білімдерін кеңейту, тереңдету. Өз ойын ашық жеткізе білу, пәнге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:
Математикадан нақыл сөздер, сайысқа қажет форматтағы суреттер, тапсырмалар, мультимедиялық проектор, компьютер


Сайыстың барысы:
Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар, оқушылар жане кымбатты білім сүйгіш жас достар!

Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.


Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.

Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.


Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
І кезең «Таныстыруы»
ІІ кезең “Бәйге”
ІІІ кезең “Полиглот”

ІҮ кезең “Зерде”

Ү кезең «Дода»

ҮІ кезең Қорытындылау.



Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Жарысты, қане, бастайық –дей келе.таныстыру кезенине берсекю мунда ар команда оздерин таныстырады.

І. «ТҰЛПАР» тобы:


Қиындықтан сірә да, біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз!

ІІ. «ЖҰЛДЫЗ» тобы:

Ұраны: Жұлдыз әрқашан сапарлы шолпан.

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

«ДОСТЫҚ» тобы:

Ұраны:Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін.

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Келесі кезеңіміз «Бәйге» деп аталады. Әр бір дұрыс жауап үшін он ұпайдан беріледі.

1. Ақпаратты шығару құрылғысы? Жауап:_Принтер'>Жауап: Принтер

2.Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр. Жауап: (Төңкеру керек 999)

3. «2» цифрын 3 рет қолданып 1-ді шеш? Жауап: (2-2:2=1)

4. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап. Жауап: (Х)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ? Жауап:(бит)

6. Сағаттың 1/60 бөлігі ? Жауап: ( минут)

7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік ? Жауап: (Кактус)

8. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. Жауап: (Хорда)

9. 12 жылдың мүшел аттарын ата? Жауап: (тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз)

10.Төртбұрыштың екі бұрышын алып тастаса неше бұрыш болады? Жауап: алты

11.Квадрат қабырғасы 9 см, периметрі неге тең? Жауап: ( 36 см)

12.Төрт қойда неше аяқ бар? Жауап: ( 16 )

13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ? Жауап: (бит)

14. 60 санынын 75 %-ти неге тен? Жауап: (45-ке)

15.Үшбұрыштың орта сызығы 5 см, табаны неге тең ? Жауап: ( 10 см )

16. «Компьютердің миы» деп нені айтады ? Жауап: (процессор)

17. Шеңбер диаметрі 18 см , радиусы неге тең ? Жауап: ( 9 см )

18. Бір жанұяда 5 ер баласы және әрқайсысының қарындастары бар.жанұяда қанша бала бар? Жауап: ( 6 )

19. «Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? Жауап: ( 0 )

Үшінші кезеңіміз «Полиглот» деп аталады. Олай болса, оның шартымен таныстырып өтейін. Мұнда әр командаға бір сұрақтан тиеді. Жұмбақ шешімін үш тілде аудару қажет.

.Егер Т-дан бастасаң санмын, Т-ны алып тастасаң жаумын (төрт,четерые,Fo)

2.Жоқ өзінде баста, қаста, мойында ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш, ленейка, ruler)

3. Бір қойым бар қаны жоқ,қанатының жаны жоқ. Адамменен сөйлесер ақылы бар жаны жоқ. (Кітап, Книга, Bооk)

ІҮ кезең «Зерде» деп аталады. Мұнда Екі пән бойынша отыз, қырық, елу деген балдықпен белгіленген сұрақтар жасырылған, және қай балдың сұрағына жауап берсе сол балға ие болады. Олай болса, І тобымыздан бастайық.

Математика отыз балл:



Сұрақ: 2+2*2 қанша болады? Ж: алты

Математика қырық балл:



Сұрақ: Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? Ж: тең қабырғалы үшбұрыш

Математика елу балл:



Сұрақ: Екі санның қосындысы 8-ге , айырымы 2-ге , көбейтіндісі 15-ке тең. Бұлар қандай сандар? Ж: үш және бес

ИНФ отыз балл:

Ағылшын тіліндегі «компьютер» сөзінің қазақша мағынасы қандай? Ж: есептеуіш машина

ИНФ елу балл:

Алғашқы механикалық есептеуіш машинаны ойлап шығарған кім? Ж: Блез Паскаль

ИНФ қырық балл:

Бүкіләлемдік желі қалай аталады? Ж: интернет

Бұл кезеңді де аяқтадық. Келесі кезеңге көшелік.


Ү кезең «Дода» деп аталады, мұнда біз ортаға тобымызды шақырып, топ басшысы өзінің тобына слайдағы суреттерді жасырады. Тапса он деген ұпай саны беріледі. Бір минут беріледі.

VІІ. Әділқазыларға сөз беріп, жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

.

«Тапқырлар сайысы» 5-8 сыныптар




12.11.2010, 12:12

Тақырып: Тапқырлар сайысы

Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;математикалық ойлауын тереңдету.


Жоспар:1. Командалардың өздерін таныстыру.
2. «Бәйге»
3. «Мен – саған, сен – маған»
4. «Көкпар»
5. «Шырпылар шытырманы»
6. «Санап көр»
7. Үй жұмысын тексеру
8. Капитандар сайысы
9. Қорытынды.
Сайыстың барысы:

Әр команда 7-9 оқушыдан құрастырылған. 1-ші команда Әл-Фараби, 2-ші команда Әл-Хорезми, 3 бастаушы, қазылар алқасы.


1-бастаушы: Көңілді тапқыштар,білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
2-бастаушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
3-бастаушы: Есептен сайысады қос команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.

1. Командалардың танысуы.


А) Танысу
Әл-Хорезми.
Өнер қуған математик жастармыз
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.

Келешектің үмітіміз талапты


Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,
Сегіз қырлы,өнер асып туғандар
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.

Әл-Фараби.


Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар,елтаңба,әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда


Жеңіс тек біздер болар осы жолда
Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алдыда,он мен солда.

Б)Амандасу

Әл-Фараби: Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей – сәлем!

Әл-Хорезми: Құны бір құрдас


Жаны бір жандос
Тілегі бір, жүрегі бір
Бірге өскен жолдас
Сендерге де бір сәлем!

В) Ұраны

Әл-Фараби: Бір аллаға сыйынып
Кел, балалар,оқылық.

Әл-Хорезми: Тартысайық сайыста күш жігермен


Айырлысайық қимас бір дос көңілмен.

Г) Қазылар алқасы тілек


Әл-Фараби: Төр ағасы төбе билер-жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер.

Әл-Хорезми: Әділеттен аспаңыздар


Қиянатқа баспаңыздар.
2. «Бәйге»
Екі командаға сұрақ қойылады.Әрқайсысының жауабы тыңдалады.Дұрыс жауап бағаланады.
1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң, қанша екен тез есепте
Алдында екеу,екеу келеді артында
Екі-екіден келеді қос бүйірде.
(4)
2.Табақтағы жемісті
Былай ғана бөлісті
Екі анасы, қос баласы
Әжесі мен немере
Бір-бірден тиді алмасы
Айтшы қанша жан басы?
(Әжесі,шешесі,немересі)
3.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» санын жазу керек? (19 рет)
4.Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы,ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат санын сол уақытта көрсету санына тең қоңырау соғады.Сонда тәулігіне неше рет соғады? (204 рет)
5.Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді?
(грек астрономы Птоломей)
6.Юлиан календары бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай?
(365 күн 6 сағат)
7.12 жылдың мүшел аттарын ата? (тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз)
8.Математикаға алгебра атауын кім енгізді және алгебра қандай сөзден шыққан? (Омар hайям; Әл Жебр)
9.Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата.(шынтақ,елі,бір елі,сынық сүйем,құлаш,табан,қадам,көз көрім жер,таяқ тастам жер,түстік жер,күндік жер)
10.Аудан өлшеуіштері? (түймедей,теңгедей,ат төбеліндей,алақандай,туырлықтай,ауыл аумағындай)
11.Көлем өлшеуіштері? (жұдырықтай,ат басындай,тай тұяқ,үйдей,таудай)
12.Салмақ өлшеуіштері? (зілдей,қаңбақтай)
13. «3» цифрын 3 рет пайдаланып ең үлкен санды жаз. (333)
14. «1» цифрын 4 рет пайдаланып ше? (1111)
15. «1» цифрын 5 рет амалдар таңбасын пайдаланып 100-ді қалай жазуға болады? (111-11=100)
16. «2» цифрын 3 рет қолданып 1-ді шеш? (2-2:2=1)
17. Қайсысы үлкен 1020 немесе 2010 ? (1020=1010-1010; 2010=(2*10)10=210*1010; 1020>2010)

3. «Мен –саған, сен – маған»


Әр команда математикаға қатысты үш ребустан дайындап әкелуі тиіс.Осы ребустарды бір-біріне шешкізеді.
4. «Көкпар»
Тапқырлар математикалық сөздерді құрастыруы керек.Бірінші әріптері белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет