Жалғанған сополимерлер алу
Жалғанған сополимерлерді де жоғарыда қаралған әдістермен алуға болады. Мұнда тек активті топ немесе жалқы электрон тізбектің шетінде емес, оның ортасында орналасуы керек. Өнеркәсіпте ең көп таралған әдіс тізбек берілу реакциясы. Мысалы, стиролдың полибутадиенге жалғану реакциясын қарастырайық:
Жалғанған сополимер алу үшін полимерден қозғалғыш сутегі атомын үзіпи алу керек. Сонда макромолекулада активті орта пайда болып, осы жүйеге қосылған мономер полимерленеді. Әдістің тиімділігі тізбек берілу реакцясының жылдамдығын үзіліп алынатын атомның қозғалғыштығымен және макрорадикалдың реакциялық қабілеттілігімен анықталады.
Жалғанған сополимерлерді пероксид және гидропероксид топтары бар полимерден алуға болады. Бұл қосылыстар белгілі бір жағдайда ыдырап, еркін радикалдар түзеді. Осы еркін радикалдар мономерлердің қатысында полимерленуге ұйытқы болады:
Кейбір жеңіл тотығатын полимерлерден тотығу-тотықсыздану жүйесін қолдану арқылы да жалғанған полимерлер алады. Тотықтырғыштар ретінде айнымалы валентті металдардың тұздары, мысалы, қолданылады. Тотықсыздандырғыш рөлін полимер, мысалы, целлюлоза немесе поливинил спирті атқарады:
Жалғанған полимерлерді функционал топтары бар (-) полимерден де алуға болады,ол үшін жалғайтын полимерде функционал тобы тізбектің бойында, ал жалғанатын полимерде тізбектің соңында болу керек. Мысалы, полиакриламидті модификациалау реакциясын қарастырайық:
Алмасу дәрежесі мен жанай тіркелген тізбектің ұзындығы реакция жүргізу жағдайына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |