Тапсырма-15 Ыкласова Гульдана



бет1/2
Дата13.02.2023
өлшемі24,55 Kb.
#168489
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
көркем еңбек 15 (копия)


Тапсырма-15 Ыкласова Гульдана
1-топ: Бастауыш сыныптарға арналған «Қолөнер» үйiрмесiнің бaғыттaрын анықтап, бағдарламасын құру. Бағдарлама бойынша жүргізілетін сабақ жоспарларының үлгілерін дайындау.

Бағдарламаның мақсаты:
Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.
Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. 
Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Сабақ тақырыбы:Су моншақпен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың су моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, алқа жасау жайлы түсінік беру, орындау әдістерін үйрету.
2. Жұмыс барысында оқушылардың шеберлігін, ой-қиялынтыңдау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдісі: теориялық, сарамандық.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, математика, әдебиет.
Көрнекіліктері: су моншақпен жасалған бұйымдар, нұсқау карта.
Қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, леска, су моншақ түрлері, ине, жіп.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (Амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу).
ІІ. Өткенді қайталау.
Біз өткен сабақта бисермен жұмыс жасау мақсатында су моншақтың қандай бұйымға қолданылатынын және бисердің шығу тарихымен таныстық. Ендеше,айтыңдаршы.
Бисер деген не?
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік.Ұсақ домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалады.
Бисер қайдан шықты, қай жерде пайда болды, түрлері қандай екенін кім біледі?
Оқушы:
Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындылары) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Ұсақ моншақтар туралы қосымша тағы кім толықтырып айтады?
Оқушы:

  • Кейбір деректер бойынша, әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. ІV ғасыр

  • ескерткіштерінен табылған. әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец, қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе, ақ түсті киімдермен таққан екен. Ең алғашқы бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан,-жасалған маржан. Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне

  • өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге «бисер» атауы әйгілі бола бастады.

Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан.
ІІІ. Кіріспе бөлім.
Бисермен тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл өнер соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге түрлі сыйға тартуға арналған бұйым түрлерін жасау сәнге айналды. Біздің жасаған әшекейлерімізді мына көрме жұмыстарынан көруге болады. (Слайд)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет