Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Математика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Математика» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы)
бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 15
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүм
Достарыңызбен бөлісу: |