Тапсырма: Мәтіндердің қандай стильде жазылғанын анықтаңыз. Басты белгілерін ажыратыңыз. 1-мәтін


Тапсырма: Мәтіннен етіс формасындағы етістіктер мен шартты райлы сөйлемдерді теріп жазыңыз



бет3/3
Дата25.02.2022
өлшемі47,17 Kb.
#133306
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
2 -Практикалық сабақ

Тапсырма: Мәтіннен етіс формасындағы етістіктер мен шартты райлы сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Ерте көктемнің жаршысы бәйшешектің қадірін білейік Қазақстанның Іле, Жетісу, Күнгей Алатауларының бөктерлерінде өсетін бәйшешек гүлінің тағдыры қазіргі уақытта эколог мамандарды алаңдатуда. Неге дейсіз ғой? Көктем шығысымен өсімдік атаулының ішінде бірінші болып гүл жарып, шешек ататын, сөйтіп бөктерлер мен қырларды құлпыртатын, табиғат-ананы қуанышқа бөлейтін, адамзатқа тамаша көңіл-күй сыйлайтын бәйшешектер елімізде азайып барады. Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген бәйшешек, оны Алатау жауқазыны деп те атайды, онсыз да жойылып кету алдында тұрған гүлдердің санатына жатады. Алматы қорығы мен Іле Алатауы ұлттық паркі қызметкерлерінің бақылаулары бойынша, тұрғындар тарапынан бәйшешектер көп терілгендіктен, соңғы он жылда олар қаладан 5-7 шақырымға алыстап кеткен. 44 Егер көктем сайын бәйшешектерді жұлу және аяусыз қырқу жұмыстары қазіргідей қарқынмен жалғаса беретін болса, онда көктемнің хабаршысы болып саналатын бұл гүлдіің көп ұзамай Алатау бөктерлерінен көзден ғайып болмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан да қоршаған орта үшін маңызды болып саналатын бұл мәселеге қоғам болып назар аударса дұрыс болар еді. Бүгінгі Қазақстан заңнамасында бәйшешекті жұлғандар үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған екен. Аймақтық экологиялық орталық мамандарының айтуына қарағанда Қазақстанда ондаған топ бәйшешектерді заңсыз сатумен айналысатын көрінеді. Алайда, қазіргі таңда олардың мұндай заңсыз әрекеттеріне тыйым салып отырған ешкім жоқ. Бәйшешектерді заңсыз сатқандардың заң құрығынан оңай құтылуына мына жайттар ықпал ететін тәрізді. Мәселен, Қызыл кітапқа енген бәйшешектерді сату заңсыз. Рұқсатсыз жұлынған әрбір бәйшешек үшін 706, 5 теңге көлемінде айыппұл салынады. Алайда, осы уақытқа дейін Қазақстанда гүлді заңсыз жұлғаны немесе қырыққаны үшін азаматтардың бас бостандығынан айырылған фактілерін естіген емеспіз. Мұның да өзіндік себептері бар тәрізді. Гүлді заңсыз жұлып, қылмыс үстінде ұсталса, айыппұл төлеп құтылып кететінін білетіндер осы ұрымтал тұсты бас пайдаларына жаратып, айылдарын жимай жүрген тәрізді. Сондықтан да табиғатты бүлдіріп, заңды белшеден басып жүрген бұндай бассыздықтарға тыйым салып, заңнаманы қатаңдату қажет. Бәйшешек туралы білгіміз келіп, Қазақстан ұлттық энциклопедиясын қарағанымызда мынадай мәліметтерді таптық: «Бәйшешек құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдік. Қазақстанда Іле, Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында, Кетпен жотасында, Қаратауда өседі. Бәйшешектің Алатау бәйшешегі және Корольков бәйшешегі деген түрлері бар. Биіктігі -10-30 см. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны - 6-9, ұзындығы – 10- 12 см. Сары немесе көкшіл түсті дарагүлінің гүл қоршауы қарапайым күлше жапырақшалардан тұрады. Гүл қоршауының ортасынан ұзындығы 15 см.-дей түтікше шығады да, гүлі сол түтіктің ұшында жетіледі. Аталығы үшеу, аталық жіптері қысқа болады. Аналығы біреу, ол үш жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі – үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. Наурыз-мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері түнге қарай және бұлтты күндері жабылып қалады. Оларды аралар 45 немесе көбелектер тозаңдандырады. Бәйшешектер негізінен сәндік өсімдіктер».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет