«Қоғамның саяси жүйесі» деп нені айтады? Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады.
Саяси жүйе қандай қызмет атқырады? Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету.
Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі басқарады.
Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқырады.
Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.
Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау
Саяси жүйенің қандай түрі тұрақты келеді? Неге? Саяси жүйесінің өзіндік мүмкіндіктері бар. Д. Истон мен Г. Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді:
Топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
Өзінің қызмет етуі не қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі;
Үндістан саяхатшысы П. Шарон бұл төртеу төртеуіне бесіншісін – ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.