Тапсырма Тарихты оқытуда спиральды модельді іске асыру ерекшеліктері Тапсырма



бет2/2
Дата01.03.2023
өлшемі34,11 Kb.
#170647
1   2
Байланысты:
Тапсырма 1 күн (2)

Ресурстар: пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар: дүниетану 1-4 сынып, Қазақстан тарихы 5-9 сынып және 10-11 сынып, Дүниежүзі тарихы 5-9 сынып және 10-11 сынып

Тапсырма 2. Қазақстан тарихының қазіргі әдіснамасының ерекшеліктері қандай?
Тапсырма. Қазақстан тарихы әдіснамасының жетістіктерін зерделеңіз және олардың 5-11 сыныптардың оқу бағдарламаларындағы тақырыптарымен байланысын көрсетіңіз. Кестені толтырыңыз.

Қазақстан тарихының әдіснамасының жетістіктері

5-11 сыныптардың оқу бағдарламаларындағы қандай тақырыптарымен (сынып, тақырып пен оқу мақсаты) байланысты?

Олар қандай зерттеу сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік береді?
Оқушылар қандай тұжырымдарды жасауы керек?

Ұлы Дала өркениетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін өркениеттік тәсілдеме заңдылықтары аясында қазақ халқының тарихын зерделеу. (Н.Е.Масанов, М.К.Қозыбаев, Ж.О.Артықбаев және т. б.)



10-сыны «Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы»
10.3.1.1 -Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін «мемлекет», «билік », «саяси ұйым» ұғымдарын пайдалану;
10.3.1.2 -Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.1.3 -Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілері қандай?

Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?


Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін «мемлекет», «билік », «саяси ұйым» ұғымдарын пайдаланады;



Ұлы дала кеңістігінде, Орталық Азияда ғұндар, түріктер, түркі-моңғолдар мемлекеттері бірі құрылып, бірі жойылып жатты, олардың болмысында таза көшпелі емес, аралас, яғни көшпелі, мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік және қалалық мәдениеттің өзара әрекеттесуіне негізделген бірегей өркениет пайда болды.



5-сынып Ғұн тайпаларының бірігуі.
5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіреді;
Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттайды

Зерттеулер «дала» ұғымын абсолютизациялайды. Шын мәнінде, Дешті-Қыпшақ даласы өзен, таулы, континенталды болды. Ұлы даланың табиғи жағдайлары оның өзендерімен (Енисей, Ертіс, Еділ, Жайық және т.б.), тауларымен (Алтай, Ұлытау, Қаратау, Алатау және т. б.), жануарлар дүниесі бай өсімдіктер әлемімен этностар мен мемлекеттердің эволюциялық дамуын қамтамасыз ете алды.







Қазақ халқының этногенезі Орта Азия тайпалары мен халықтарымен байланысты және одан бұрын пайда болған. Қазақ халқының мемлекеттілігі XV ғасырдан емес, ерте түркі мемлекеттерінен бастау алады.







Өзінің геосаяси жағдайы бойынша Қазақстан, Еуропа мен Азия арасындағы орталық аумақ, славян, түркі халықтары мен Қытай арасындағы байланыстырушы буын ретінде рөл атқарды. Ұлы дала көшпенділері әлемдік-тарихи эволюцияға өз үлестерін қосты, оның ішінде әскери өнер мен әскери демократияның мемлекеттік жүйесі және т. б.








Мұғалімге арналған нұсқаулық «Қазақстан тарихын зерттеудің қазіргі әдіснамасы», 13-16 беттер.
ҮМ 1.3 Қазақстан тарихын зерттеу туралы
Мектеп оқулықтарының электронды нұсқалары https://okulyk.kz/ сайтында берілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет